Стресс кезінде алкогольді алмастыратын ең жақсы әдіс бұл - мәселені шешуге және қиын жағдайды реттеуге көмектесетін психотерапевке бару. Бұл туралы «Доктор Калюжная» клиникасының психиатр-наркологы Татьяна Карпова Lenta.ru сайтына берген сұхбатында айтты деп хабарлайды Мassaget.kz тілшісі.
Көпшілік алкогольдің шынымен стресті жеңілдетуге көмектесетініне сенеді, бірақ іс жүзінде бәрі керісінше әсер етеді дейді маман.
Бастапқыда алкоголь қысқа уақытқа көңіл күйді көтеріп, жеңілдік әсерін бергенімен оның салдары теріс жағдайға әкелуі мүмкін екені белгілі. Өйткені ми оның әсерінен «қуаныш пен бақыт гормондарын» еріксіз шығарады, бірақ содан кейін ағзада тез құлдырау байқалады. Дәл осындай жағдай стреспен бірге жүретін уайымшылдық кезінде де болады. Алкоголь әрекетін тоқтатқанда, ол күшейе түседі.
"Нәтижесінде, тұйық шеңбер пайда болады: адам алкогольді жиі ішу арқылы көңіл күйін жақсарта бастайды және сәйкесінше еріксіз стрестен арыла бастайды", – дейді психиатр-нарколог Татьяна Карпова.
Нарколог алкогольді стрестік жағдайларда ішу толық тәуелділікке әкелетінін ескертті.
«Бұл кезде алкоголь адамды өз-өзіне қол жұмсауға итермелейтін толыққанды депрессияға айналады. Алкоголь сонымен қатар тәуелді адамның жақындарымен қарым-қатынасының нашарлауының катализаторы болады. Ол жанжалдарға әкеп соғып, айқай-шу тудырады және жақсы қарым-қатынастарды бұзуы мүмкін», - деп түйіндеді ол.