Бұл күнде сауда орталықтарына кіре қалсаңыз адам жанына керектің бәрін табасыз. Бір заттың бағасы мен сапасына қарай бірнеше түрін таңдауға болады. Тіпті сол нәрсенің түпнұсқасынан көшірмесін ажыртау қиын. Егер былғарыдан жасалған киімдерге қызығып, бірақ оның түпнұсқа не көшірме екенін тани алмасаңыз, мына кеңестерге құлақ түріңіз. Былғарыдан жасалған заттардың жасанды не табиғи екенін иісі арқылы ажырата алмайсыз. Себебі тауар өндірушілер оған түрлі ароматизатор қосады. Алдымен, сыртқы пішінге көңіл аударыңыз Байқап қарасаңыз, таза былғарының қайталанбайтынтабиғибедерлері болады. Ал, жасанды былғарыдағы өрнектер бір-біріне ұқсас келеді. Табиғи терінің серпімділігі де жоғары. Сол үшін тауарды жұмарлаған кезде іздер пайда болып, қайта қалпына келтіргенде олжоғалады. Оттың әсері.Саудагерлер тауардың тұпнұсқа екеніне көз жеткізу үшін от тигізіп анықтау әдісін жиі қолданады. Бірақ ол өте қауіпті. От тиген жағдайда тауар бүлініп, із қалып қоюы мүмкін. Жасанды тері от жақындатса, жиырылып, қара түтін шығады. Ал табиғи теріден жасалған зат оңайлықпен жанбайды. Алдымен иіс шығарып, ақырын жиырылады. Таза былғарыдан жасалған өнімді анилинді жабынмен қаптап шығаратын өндірушілер де бар. Ондай жағдайда былғары заттың отқа бүліну қаупі жоғары болады. Сондықтан, кейде тауар сапасын анықтау үшін бұл әдіс те көмектеспеуі мүмкін.Судың әсері. Таза былғарыдан жасалған заттарғасу сіңеді және орнында дақ қалады. Ал жасанды былғарыға су сіңбейді. Бұл әдісті ашық түсті заттарды (жеңіл күртеше т.с.с) алатын кезде қолдансаңыз болады. Сонымен қатар табиғи теріден жасалған заттың салмағыжасанды түріне қарағанда ауыр болады. Материал үлгісі. Жасанды терінің негізгі құрамы тоқыма матадан әлде орын алмастырғыш өзге заттардан тұрады. Бүгінде тауар өндірушілер заттың таза былғарыдан екенін аңғарту үшін материалдың арнайы бір бөлігін қалдырып қояды. Аталмыш бөліктен тері талшығын байқасаңыз немесе тауардың өндірілген елін білдіретінgenuine leather, vera pelle, cuir, echtleder деген секілді жазуларды оқысаңыз,өнім табиғи былғарыдан жасалған деген сөз. Бұл бөліктер әмиянда, әйелдерге арналған сөмкеде, аяқ киімде жиі кездеседі. Дайындаған: Әбдіманап Нұржан