Oxford University Press (OUP) басылымы британдық балалар үшін 2015 жылдың басты сөзі «хэштег» деп хабарлады. «Хэштег» сөзі немесе # символ әлеуметтік желілердегі іздеу қызметін атқарады.
Бұрын email және Facebook сөздері танымал болса, енді жаңа ұрпақ өкілдері бұл сөздерді менсінбейтін болды. Олардың орнын Instagram және «эмодзи» (электронды хаттарда қолданылатын смайликтер) сияқты сөздер басты. Сонымен бірге қазіргі балалар телевизия сөзіне қарағанда, телефон сөзін көбірек айтады.
«Би-би-си» қызметі 2011 жылдан бері «500 сөз» байқауын өткізіп келеді. Оның шартында қатысушылар 500 сөзден аспайтын шағын шығарма құрап жазады.
«500 сөз» байқауына 5 пен 13 жас аралығындағы балалар 120,5 мыңға жуық шығарма жолдаған. Сол шығармаларды сараптай келе, мамандар осындай нәтижеге көз жеткізді.