Райс Университетінің (Хьюстон, США) зерттеушілері мүмкіндігі көп жад (RRAM) құрылымын жасап шығарады, – деп хабарлайды www.everytechpro.com сайты. Бір қызығы бұл қолжетімді құрылғыны қоғамда қолданылып жүрген кез-келген гаджетке салып, қолдануға болады. Әрине гаджеттің өзі жадты көтере алатын болса.
Бұл жад бір торда 9 биттік ақпаратты сақтайтын болады. Айта кетейік, қазіргі қолданылып жүрген флэш-жадтар бір торда 3 биттен артық ақпарат сақтай алмайды.
Сөйтіп, SSD жадтан кем түспейтін оперативті жүйелі чип жасап шығару қолға алынатын болады. 1 ТБ көлеміндегі ақпаратты сақтауға болатын жадты жасауға Crossbar компаниясы кіріспек.
Бұндай көлемді жадты жасаудың құпиясы қарапайым кремний оксидінде болып отыр. Кремний табиғатта оттегіден кейінгі ең көп тараған элемент. Металдар ішінде бірінші орынды иемденеді.
Бұл қазіргі планшеттер мен смартфондардың болашақта аса үлкен көлемді жадпен жұмыс істейтінін білдіреді. Бұл жаңа технологияның да шығатын уақыты жақындап қалды.
Дайындаған: Жолдас Өрісбаев
Сурет: www.everytechpro.com