Байқаусызда жіберілген хабарламадан бас тарту үшін

Байқаусызда жіберілген хабарламадан бас тарту үшін
Фото: http://www.zdnet.com

Елестетіп көріңізші, сіз бен досыңызға қатысты суреттер мен ақпараттарды бастығыңыздың электронды поштасына жіберіп қойдыңыз. Ыңғайсыз жағдай ма?  Қуанышқа орай, Google бұл жағдайдың алдын алу шараларын қарастырған. Бірақ бұл қызметтің түрін түрлі бағдарламалардың арасына жасырып қойған.

Сіз жіберген хабарламадан бас тартуға аздаған уақытыңыз бар. Бұл қызметті іске қосу үшін алдымен Gmail электронды поштаңызға кіріңіз.

1. Оң қапталда орналасқан «Баптаулар» батырмасын басыңыз.

фыва

2. Кейін «Бас тарту» қызметін іске қосыңыз.

йфцыук

3. Сонымен қатар, уақытты өзіңіз тағайындауға мүмкіндігіңіз бар. Өзгертулерді енгізген соң, сақтауды есіңізден шығармаңыз.

ыв

4. Енді тексеріп көріңіз.

ыв

Т. Есқали