- Негізгі бет
- Білесіз бе?
- Банк картаңыз банкоматта...
Банк картаңыз банкоматта қалып қойса не істеу керек?
Күнделікті өмірде түрлі келеңсіз жағдай орын алады. Соның ішінде жиі орын алатын келеңсіздік – айлық алатын картаңыз банкоматта қалып қоюы. Ал мұндай жағдайда не істеу керек?
Банкомат картаны не үшін алып қалады?
– Құпия сөзді үш рет қатарынан дұрыс термегендіктен.
– Картаңыздың уақыты өткен немесе бұғатталған.
– Картаңыз сызылған немесе сынған.
– Картаңызды банкоматтан ұзақ уақыт бойы алмағандықтан (20 секунд-1 минут арасында уақыт беріледі).
– Банкомат жұмыс істеуін аяқ асты тоқтатқан кезде не техникалық ақауларға байланысты.
Енді не істеу керек?
«Кері қайтару» батырмасын бірнеше рет басып көріңіз. Бұл көмектеседі. Себебі кей кезде банкоматтар мәзірмен дұрыс жұмыс істей алмай қалады.
Жарты сағат көлемінде банкомат қасынан кетпеңіз. Егер техникалық ақау болса, ол 20-30 минут ішінде сізге картаңызды қайтарып береді.
Егер банкомат ақыры картаңызды бермесе, сізге өз банк жүйеңізге хабарласып шешуге тура келеді.
М. Ақан