- Негізгі бет
- Білесіз бе?
- Атақты компаниялардың атауы...
Атақты компаниялардың атауы қалай ойлап табылды?
Атақты брендтердің атауы қалай шықты? Әрқайсысының өзіндік тарихы, қызықты құпиялары бар. Сіздерге солардың бір бөлігін ғана ұсынамыз.
Яндекс – Yet Another Indexer (тағы бір индексатор) сөзінен құралған.
Adidas – компанияның негізін салушы Ади (Адольфа) Даслердің атымен қойылған.
Adobe – компания басшысы Джона Ворнока үйінің жанында ағатын Adobe Creek өзенінің атымен аталған.
Apple – алма – компанияның негізін салушы Стив Джобстың сүйікті жемісі. Үш айдан соң қызметкерлеріне: «Бес сағат ішінде лайықты атау ұсынбасаңыздар компанияны Apple деп атаймын»,- дейді. Apples Macintosh – АҚШ-та сатылатын алма сорты.
Google – 100 нөлі бар санның атауын білдіретін Googol сөзінен шыққан.
Hotmail – компанияның негізін қалаушы Джек Смитке әлемнің кез-келген нүктесінен web арқылы электронды поштаға қосылу мүмкіндігін жасау идеясы келеді. Бұл сервис бизнес жоспарының басы-қасына Сабир Бхатиа келеді. Ол «mail» сөзімен аяқталатын сөздің бәрін сұрыптайды да, ең соңында hotmail сөзіне тоқтайды. Осыдан қысқартылған HTML әріптері пайда болады.
HP (Hewlett-Packard) – компания негізін салушылар Билл Хьюлетт (Bill Hewlett) пен Дэйв Паккард (Dave Packard) ұйымның атында қайсысының есімі бірінші тұратынын анықтау үшін тиын лақтырады. Түсінгендеріңіздей, Билл жеңеді.
Intel – компанияның негізін салушы Боб Нойс пен Гордон Мур оны «Moore Noyce» деп атағысы келді. Бірақ, ол кезде ондай кәсіпорын бар еді. Сондықтан, INTegrated ELectronics (біріктірілген электроника) деген сөзді қысқартып пайдаланды.
Kodak – «К» жоба басшысы Джордж Истменнің сүйікті әріпі. Әрі бұл әріп барлық алфавитте бірдей жазылады. Джордж бас әрпі де, соңғы әрпі де осы әріппен жазылатын сөз іздеді. Сөйтіп «Кодак» сөзін ойлап тапты, фотокамерамен сурет түсірген кезде дәл осы дыбыс шығады.
LG – кәрістік Lucky (сәтті) және Goldstar (алтын жұлдыз) брэндтерінің бас әріптері.
Mitsubishi – бұл атауды 1870 жылы компания негізін салушы Ятаро Ивасаки ойлап тапты. Жапон тілінен аударғанда mitsu – үш, ал hishi – қиық. Ал алтыншы «b» әрпі қателікпен қойылған жоқ, жапондар әдетте сөз ортасында келген «h» әрпін «b» деп қолданады.
Nike – ағылшынша «найк» деп оқылатын сөзден шыққан жоқ, гректің жеңіс құдайы Никаның есімімен аталған.
Nokia – алғашында ағаш өңдейтін зауыт ретінде финдік Nokia қаласында құрылды
Reebok – африкалық кішкене әрі жылдам бөкеннің атауы.
Samsung – кәріс тілінен аударғанда «samsung» сөзі «үш жұлдыз» деген мағына береді.
Subaru – компания шоқжұлдыздың атымен аталған.
Yahoo – Джонатан Свифт «Гулливердің саяхаттары» кітабында жиіркенішті адамды осылай бейнелеген. Осы атауды «Yahoo!» құрастырушылары Джери Янг пен Дэвид Фило өздеріне алды. Бірақ қазір ол Yet Another Hierarchical Officious Oracle (тағы бір иерархиялық ресми оракул) деп түсініледі.
@. @assel_assanova