- Негізгі бет
- Білесіз бе?
- Әртістер сахнада құлаққапты...
Әртістер сахнада құлаққапты не үшін тағады?
Бәлкім бұл сұрақ әрбір адамның көкейінде жүр. Себебі үлкен залда немесе далада болатын концерттерге барсаңыз әншілердің, әртістердің құлақтарына құлаққап тағып жүріп билейтінін, ән айтатынын байқайсыз. Іштей сұрақ қоясыз да жауапсыз қалдырасыз. Біз жауабын таптық.
Ең бірінші бұл әншіге өзінің айтып тұрған әнін анық есту үшін керек. Себебі үлкен көлемді аудиторияда ән салып жатқан өнерлі адам үшін әннің әуенін тыңдау мүмкін емес. Жаңғырады, дыбыс қашады. Ал құлақтағы ойнап тұрған ән дәл сахнада қойылып тұрған әуенмен бірге қатар жүріп отырады. Әнші осы арқылы билеген кезде де ритмге нақты түсе алады.
Жанды дауысты ән айтып тұрған адам үшін әр жерден ойнап тұрған музыка естілмейді. Бұл жаңылуға алып келеді. Сондықтан әнші құлаққапта ойнап тұрған дайын әнге ілесіп ән айтады.
Ескерте кету керек, ол құлаққаптардың да түрі бар. Яғни кез келген құлаққап жарамды емес. Арнайы динамикалық күші бар құлаққаптар пайдаланылады.
М. Ақан