- Негізгі бет
- Білесіз бе?
- Әр қазақ –...
Әр қазақ – қазір номофоб
Номофобия ағылшынның No жоқ Mobil телефон Fobia қорқыныш сөзінен алынған. Бұл термин 2010 жылы ағылшынның Почта офисі зерттеулерінен кейін пайда болды. Зерттеуге 21 мың адам қатысқан. Олардың 53%-ы телефондарының батареялары отырып қалса немесе байланыс аясынан тыс жерде екенін білсе бойларында қорқыныш сезімі оянатынын мойындаған. Əйелдердің 58%-ы, ерлердің 47%-ы ұдайы телефонының өшірулі болғанына алаңдайтынын жеткізді.
Ал 9%-ы қорқыныш сезімі болатының мойындаған. Зерттеуге қатысқан адамның 55%-ы телефонды жұмыс және жақындарымен байланысты болу үшін ғана қолданатынын айтты. Адамдар телефонына ешкім қоңырау шалып, хат жазбаса да ұялысын күніне шамамен 30 рет ашып қарайды екен. Номофобияға шалдыққан адамдар қосымша бір кейде екі телефон алып жүреді. Қосымша қуаттағышы үнемі өзімен бірге. Ал əлеуметтік желіге байланғандар телефоны өшіп қалса, үрейі қашады екен. Телефонын үйде ұмытып кеткендер жұмысының 40-50% уақытын телефонын ойлаумен өткізеді екен.
Дереккөз: qamshy.kz
Г. Берік