Apple мен Sony-дың құпия келісімі жүзеге аспай қалған

Apple мен Sony-дың құпия келісімі жүзеге аспай қалған
Фото: www.digitaltrends.com

Түрлі компания мен ұйымдардың құпия құжаттарын қол жетімді етіп жариялайтын WikiLeaks ресурсы тағы бір құпия ақпаратты бөлісті. Бұл кез IT-нарықтағы алып Apple және Sony сынды компаниялардың құпия келісімі жарияланған.

Жарғы болған мәліметке орай, екі компания телевизия сапасымен қамту туралы ортақ келісімге келген. Apple вице-президенті Эдди Кью мен Sony Pictures басшысы Джим Андервуд қол қойған құжатта Sony компаниясының 4K мүмкіндігі туралы айтылады. Бұл Apple компаниясының теледидар шығару жобасының бір бағыты болатын. Естеріңізге сала кетсек, жақында Apple теледидар шығарудан толық бас тартатынын ресми хабарлаған болатын.

Келісім-шарт 2013 жылдың қыркүйек айында жүзеге асырылған. Одан бері көптеген өзгертулер енгізілгені анық. Мысалы, келісімге қол қойған Джим Андервуд Sony компаниясынан кетіп, бүгінде Марк Цукербергтің қол астында қызмет етіп келеді. Оның баяғыда қол қойылған ортақ келісімге енді ешқандай қатысы жоқ.

Ал осыдан екі жыл бұрын Apple TV өнімдері Sony корпорациясының 4К сапа модулімен жабдықталуы тиіс болған. Бірақ оның маркетингтің ұтымы болмағандықтан, силикондық компания жобаны қаржыландыруды тоқтатады.

Ж. Өрісбай