Android жүйесі қандай мүмкіндікке ие?

Android жүйесі қандай мүмкіндікке ие?
Фото: lifehacker.ru

Android — білімқұмар қолданушыларға арналған платформа. Енді оның жұмыс жасау жылдамдығы мен қауіпсіздік жүйесі қалай іске асырылатынын сөз етейік.

Android 4 операциялық жүйесіндегі мобильдік құрылғы жоғалып қалған жағдайда оны оңай табуға не пайдалануға тосқауыл қоюға болады. Бірақ ол құқықты Google компаниясы күрделендіріп қойған. Ол үшін «Настройки | Безопасность | Администраторы устройства» мәзіріндегі «Удаленное управление Android» бөліміне барамыз. «Удаленный поиск устройства» және «Удаленная блокировка» қызметтері жанына жалауша қоямыз.

Тұрған орынды анықтау тарихын хабарлап тұратын қызметті ажратып қоюға болады. «Настройки | Службы местоположения | Местоположение от Google» – осы жүйені орындасаңыз болды. Ұсыныстар мен қажетсіз жарнамалардан арылғыңыз келсе, «Настройки Google | Реклама | Отключить показ рекламы на основе интересов» қызметі көмектеседі.

Кейбір қосымшалардың хабарламалары (уведомление) кедергі келтірсе, оларды көрсетпей қоюға болады: «Настройки | Приложения | Все | [название приложения] | Показать уведомления». Осы қызметті қосқаннан кейін приложение мәзірімен әуре болмайсыз. Мобильдік трафикті үнемдеу үшін фон режиміндегі WLAN арқылы: «Настройки | Обмен данными | [Название приложения] | Ограничить поток данных в фоновом режиме» қызметін пайдаланыңыз. Google компаниясы картаны сақтау мүмкіндігін де қарастырған. Картадан кез келген орынды таңдаңыз, іздеу алаңына «ok maps» сөзін жазыңыз, таңдауды растаңыз.

«Настройки | Функции для разработчиков» парақшасына кіріп, «Анимация окна: масштаб» пунктінен «Анимация перехода: масштаб» және «Скорость анимации» бөлімдерін «0,5х» мөлшеріне қойсаңыз, анимацияны жылдамдатады.

Ұқсас жазбалар:

Ұялы телефонның адам өміріне зияны

Instagram-дағы суретті қалай сақтап аламыз?

@. @assel_assanova