Шаш үлгісіне қарап, адамның психологиялық жағдайын, мінез-құлқын тануға болады екен. Ал, әр тал шашта адам бойындағы түрлі ақпараттың сақталатындығын білесіз бе? Назарларыңызға шаш жайында көп айтыла бермейтін қызықты деректерді ұсынамыз. - Шаш талшықтары қылмыстық істерді анықтауда айғақ ретінде қолданылады. Бірақ, талшыққа қарап, иесінің қыз немесе ұл екенін ажырату қиын. Сондай-ақ, шаш талшығынының құрылымын зерттеу арқылы қан құрамындағы заттарды анықтауға болады. Мысалы: спирттік ішімдік ішкені т.с.с. - Әр шаш талшығы түскен сайын орнына жаңасы шығып отырады. Бұл процесс адам өмірінде жиырма рет ғана қайталанады. - Шаш талшықтары, адам ағзасында сүйек кемігінен кейінгі жылдам өсетін ағза түрі. - Жылы ауа-райында шаш тез өседі. Керісінше,суықта шаштың өсуі баяулайды. - Түрлі түсті шаш иелері жер бетіндегі адамдардың екі пайызын ғана құрайды. - Шашықызғылт түстіадамдар көп өмір сүретін мемлекет Шотландия. - Адамның әр тал шашы жүз граммға дейінгі салмақты ұстап тұра алады. - Адам денесіндегі түк суды жақсы сіңіреді. - Әлемдегі ең ұзын шаштың иесі қытайлық Ксие Квипингт. Шашының ұзындығы 5,627 метр. Гиннестің рекордтар кітабына енген әйел ұзын шашты күтіп-баптауға он үш жыл уақытын арнады. - Шашты жууға қалыпты су температурасы 35-40 градус. Дайындаған: Әбдіманап Нұржан