Аман болса басым, тағы өсер шашым!

Аман болса басым, тағы өсер шашым!
Фото: wallbox.ru

Шаш үлгісіне қарап, адамның психологиялық жағдайын, мінез-құлқын тануға болады екен. Ал, әр тал шашта адам бойындағы түрлі ақпараттың сақталатындығын білесіз бе? Назарларыңызға шаш жайында көп айтыла бермейтін қызықты деректерді ұсынамыз. 

- Шаш талшықтары қылмыстық істерді анықтауда айғақ ретінде қолданылады. Бірақ, талшыққа қарап, иесінің қыз немесе ұл екенін ажырату қиын. Сондай-ақ, шаш талшығынының құрылымын зерттеу арқылы қан құрамындағы заттарды анықтауға болады. Мысалы: спирттік ішімдік ішкені т.с.с. 

- Әр шаш талшығы түскен сайын орнына жаңасы шығып отырады. Бұл процесс адам өмірінде жиырма рет ғана қайталанады. 

- Шаш талшықтары, адам ағзасында сүйек кемігінен кейінгі жылдам өсетін ағза түрі.

- Жылы ауа-райында шаш тез өседі. Керісінше,суықта шаштың өсуі баяулайды.

- Түрлі түсті шаш иелері жер бетіндегі адамдардың екі пайызын ғана құрайды.

- Шашы қызғылт түсті адамдар көп өмір сүретін мемлекет – Шотландия. 

- Адамның әр тал шашы жүз граммға дейінгі салмақты ұстап тұра алады. 

- Адам денесіндегі түк суды жақсы сіңіреді. 

- Әлемдегі ең ұзын шаштың иесі – қытайлық Ксие Квипингт. Шашының ұзындығы – 5,627 метр. Гиннестің рекордтар кітабына енген әйел ұзын шашты күтіп-баптауға он үш жыл уақытын арнады. 

- Шашты жууға қалыпты су температурасы 35-40 градус. 

Дайындаған: Әбдіманап Нұржан

Massaget