- Негізгі бет
- Білесіз бе?
- Алматы оқушысы Instagram...
Алматы оқушысы Instagram желісінде айына қалайша мың доллар табуға болатынын айтып берді
Алматы тұрғыны Instagram желісінде айына қалайша мың доллар табуға болатынын айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл желіде Артем Ермиловтың парақшасына көпшілік оқырман жазылып жатыр. Ол бір жыл ішінде 80 мың жазылушы тартып, айына мың доллардан көп ақша табудың жолын бөлісті. Ол редакцияға өз кеңестерін айтып берді.
Instagram желісінің әкімшілігі қызықты парақшаларды іздеумен айналысады, ал бір жыл бұрын алматылықтың парақшасы "Таңдаулы" ("Избранное") бөліміне қосылды. Ермилов осыдан кейін жазылушылардың көптеп келе бастағанын айтты. "Өз профилімді ашқан кезде мен қаланың, әсем табиғаттың суреттерін салып жүрдім. Қазір болса өмір туралы айтуға тырысамын, блог ретінде жүргізгім келеді", - деді ол.
Артем Ермилов білімсіз-ақ хобби арқылы қыруар қаржы табуға болатынын дәлелдеп берді. Осы уақыт ішінде ол бірнеше киім брендімен, жарнама және модель агенттіктерімен қызметтес болып үлгерді. "Соңғы уақытта ең қызықтысы Мәскеу қонақүйімен болған жұмысым. Танысыммен бірге Мәскеуге бардық, сурет үшін түсіруім үшін қонақ үй бір апта тұруға мүмкіндік берді", - деді ол.
Артем енді ғана "инстаграмшы" болып жатқандарға ақыл-кеңесін айтты. Оның пікірінше, бірінші кезекте стиль, тематика таңдап, ең бастысы танымал фотографтарға еліктемеу керек екенін айтады. Жақсы сурет үшін нағыз эмоциялар маңызды. Фотоны өңдеуге ерекше мән беру керек. Суреттің түсін өңдеуге ең қарапайым қосымша - VSCO, онда эффекттер базасы алуан түрлілігімен ерекше.
сурет: tengrinews.kz
Н. Айдархан