Өткен 16 маусымда алғашқы ғарышкер-әйел ВалентинаТерешкованың ғарышқа ұшқанына 55 жыл толды. Терешкова ғарышқа бір өзі ұшқан әлемдегі жалғыз әйел. Аспанға саяхат жасау ғарышкердің денсаулығына өте үлкен зиян тигізетінін сол кезде өте аз адам білді. Бірақ 26 жастағы ержүрек парашютші, спортшы қыз 1963 жылы 16 маусымда Байқоңырғарыш айлағынан жұлдыздарға қарай сапар шекті. Осы орайда Валентинаның ғарышқа ұшу барысындағы қызықты мәліметтерін назарларыңызға ұсынамыз. 1. Ұшуға және ғарыштағы қиындықтарға дайындалу үшін іріктеудегі қыздар 70 градус ыстықпен, 30 пайыз ылғалды термокамерада сынаудан өткен. 2. Іріктеуден өткен қыздардың қайсысы ғарышқа ұшатыны соңғы уақытқа дейін құпия сақталған Терешкова нәтижелері де басқалармен бірдей болған. Бірақ тағдыр оны КСРО ғарышкерлері арасында алтыншы, әйел ғарышкерлері арасында бірінші етті. 3. Аңыздарға қарағанда оның лақап аты Чайка, мұны Юрий Гагарин қойған екен. 4. Өзінің ғарышқа ұшатынын Терешкова туыстарынан жасырып жүрген. Оның ата-анасы қызы парашютшілер жарысына қатысып жатыр деп ойлаған екен. Ал, Валентинаның негізінде қандай жарысқа қатысып жатқанын олар кейін радиодан естіп білген. 5. Алғашқы үш тәулікті ғарышкер мүлде қозғалмай өткізген. Бәрі де оның шаршағанын түсінді, бірақ Терешкова сыр бермей Восток-6-мен жерді 48 рет айналып шықты. 6. Ұшу кезінде Терешкова нәр татпаған. Тек, жерге қонғаннан кейін барып барлық заңдылықтарға қайшы келетін түрде тамақ жеген. Ал ғарыш тамағын күтіп алғандарға таратып берген. 7. Жерге жеткізуші капсула сақналанған, яғни ол жерге қайтып келгенен кейін 1 күн өтіп қайтадан суретке алынған. Оның денсаулығына ешқандай қауіп төнбегені белгілі болғаннан кейін ғана қону сценарий бойынша қайта кинотаспаға түсірілген.