Алғаш рет ұшаққа мінгенде

Алғаш рет ұшаққа мінгенде
Фото: astranom

Алғаш рет ұшаққа мінгелі отырсыз ба? Тіркеу бөлімшесінен қалай өтсем екен деген ой сізді мазалап жүргені анық. Үлкен сөмкеңізді жүк салатын арнайы бөлімге тапсырасыз. Ал ұшақтың ішіне өзіңізбен бірге нені алып кіруге болады?

98

2-3 сағатқа созылатын жолды тез өткізуге болады. Алайда 8-10 сағатқа дейін жалғасатын жолдар бар. Сол кезде ноутбук, планшетіңізді өзіңізбен алуыңызға болады. Фильмді алдын ала жүктеп алғаныңыз абзал. Бірақ 100 мл асатын сұйықтықты өзіңізбен алуға рұқсат жоқ. Егер сүйікті әтіріңіз қоқыс жәшігіне кеткенін қаламасаңыз оны үлкен сөмкеңізге салыңыз.

98

Фотоаппаратты өзіңізбен алсаңыз, уақытыңыз қызықты өтері анық. Дегенмен консервідегі тамақты алып кірмегеніңіз абзал.

98

Кейде ұшақ іші суық болуы мүмкін. Өзіңізбен бірге, қалың жейдеңізді алуды да естен шығармаңыз. Қолға арналған май, сусабын, денеге арналған гельді өзіңізбен бірге алып кірмегеніңіз жөн. Олар да қоқыстан шыға келеді.

98

Құлаққабыңыз өзіңізбен болсын. Ұшақ көкке көтеріле бастағанда, құлағыңыз ауыра бастайды. Құлаққап бұл жағдайда көп көмегін тигізеді. Бояу құрылғыларын алмаңыз. 

98

Өзіңізбен бірге мойынға арналған жастықты алыңыз. Бірақ қару мен  пышақ секілді үшкір әрі өткір заттарды әуежай сыртында қалдырыңыз. Қару бар екенін білсе, сіздің ғана емес, өзге жолаушылардың да жолы бөгеледі. Абайлаңыз.

98

Кітап – пайдалы. Оның зияны жоқ. Салмақ та болмайды. 8 сағатыңыздың бір сағатын болсын оқуға арнаңыз.

Ұшақтағы жоғалтқан уақытыңыздың өзін пайдаға жаратыңыз. Жолыңыз болсын!

Т. Есқали