- Негізгі бет
- Білесіз бе?
- Әлемнің жеті кереметін...
Әлемнің жеті кереметін керемет қылған жаратылыс
Әлемнің жеті кереметін жаз десе, «Мысыр пирамидалары», «Зевс мүсіні», «Аспалы бақ» сынды ежелден келе жатқан ескерткіштерді тізбектеп бересіз. Әрине бұл сіздің жауабыңыздың жүз пайыз дұрыс екенін көрсетеді. Дегенмен сіз бен біз білмейтін, тіпті біз тізбектеп беріп жүрген жеті кереметтен де керемет жетілік бар.
1. Көру
Туа біткен қос жанарыңыз – сіздің ең бірінші кереметіңіз. Айналасын көріп, бағыт-бағдар жасай алу барлық адамға бұйыра бермейді. Сіз білетін әлемнің жеті кереметін суреттен де көрмегеніңізде, тіпті ол жетілік туралы тамсана да алмас едіңіз. Сондықтан көру мүшеңіз болмағанда сіз аталған кереметтерді көрмес те едіңіз...
2. Есту
Жеті кереметтің бірі – есту. Сіз көруден бұрын естисіз. Есту арқылы сол ақпарат жайында қызығасыз. Қызыққан дүниеңізді көру үшін жердің шетіне де баруға дайынсыз. Есту арқылы кеңес аласыз, көңіліңізді аулайтын әуендер тыңдайсыз. Ал бұл сіздің шаттықа толы өміріңіздің бір бөлшегі.
3. Түйсік
Адам көргені мен естігенін түйсік арқылы түйсінеді, түсінеді. Түйсік арқылы өзінің қажеттілігін жасайды. Әлемнің жеті кереметін көрсеңіз де, естісеңіз де олар жайында санаңызда аз да болсын түйсік болмаса оны сіз «керемет» деп айта алар ма едіңіз...
4. Дәм
Тіршілік көзі ретінде алдыңызға келген астың дәмін тата алмасаңыз сіздің құлтемірден (робот) айырмаңыз жоқ. Әлемнің және адамның жеті кереметінің бірі – осы дәм. Дәм арқылы ағзаңызды қанағаттандырып қана қоймай, көңілізді де бір қалыпта ұстай аласыз.
5. Сезіну
Ең ұлы әрі ең керемет дүние – сезіну. Кез келген дүние, қоршаған орта адамға қай жағынан болмасын әсер етеді. Ал осы әсерді іштей қабылдау, оған жауап беру сезімнің қасиеті. Сезіну арқылы жақсы көреміз, жиренеміз, қуанамыз, жылаймыз.
6. Күлу
Өміріңіздің ұзақтығына кепіл бола алатын алтыншы керемет – күлу. Күлу бақытты болуға жетелейді. Күнделікті күлкі адамның өзіне ғана емес айналасына да әсер етеді. Сіздің мейірімді әрі күлкіге толы жүзіңізге қарап қаншама адам үлгі алады. Ал бұл, сіздіңше, керемет емес пе?!
7. Сүю
Әлемді құтқаратын – махаббат. Ал сүю де осы махаббат. Адам сүю арқылы өзгеге бақыт сыйлайды. Біреуге бақыт силау кереметтің ең ұлысы.
Әлемде керемет деп атауға болатын адам қолымен жасалған көптеген ескерткіштер мен нысандар бар. Бірақ олар біз айтып отырған жетіліксіз керемет бола алмас еді.
Өзіңіздің әлеміңізге тән жеті кереметіңізді сақтаңыз!
М. Ақан