Жасөспірімдердің үлес салмағы қай елдерде басым екенін білесіз бе? Бұл біз ойлағандай әлемнің мединицасы озық дамыған, алдыңғы қатарлы мемлекеттерде емес, үшінші әлем саналатын африкалық мемлекеттерде болып шықты.
Жақында әлемнің 228 мемлекетіне мониторинг жүргізген World bymap organization қауымдастығының статистикасы осы тұжырымға келді. Бұл рейтингке сүйенсек, халықтың 50% жуығын 15 жасқа дейінгі жеткіншектер құрайтын мемлекеттердің алғашқы ондығына африкалық елдер кіреді. Көш басында нигериялықтар тұр. Бұл мемлекетте 15 жасқа дейінгі тұрғындардың үлес салмағы халықтың 49,3% құрайды. Рейтингтің алғашқы ондығына: Уганда 48,3%, Мали 47,3%, Малави 46,5%, Замбиа 46,1%, Бурунди 45,6%, Буркино Фасо 45%, Мозамбик 44,9%, Оңтүстік Судан 44,9% және Танзания 44,1% көрсеткішімен енген. Африка құрлығында жасөспірімдердің үлес салмағы басым болуы, бұл құрлықтағы туу көрсеткішінің жоғарылығымен түсіндіріледі. Сонымен қатар қара құрлықта соңғы жылдары медициналық жәрдем жақсарып, сәбилердің өлім көрсеткіші төмендеген.
Ал Қазақстан рейтингте 104-орыннан көрініпті. Біздің елде жеткіншектер халықтың 25,7% құрайды деседі. Бұдан бөлек бауырлас көршілеріміз түркімендерде 26%, Қырғызстанда 30%, Тәжікстанда 32,6%, Өзбекстанда 24,2% көрсеткіштері тіркеліпті.
Дайындаған: Дінмұхамед Мұхаметжанов