Android операциялық жүйесі (ОЖ) арқылы жұмыс жасайтын смартфондар жөнінде қызықты статистика пайда болды. Шыны керек, бүгінгі таңда көпшілігіміз ең соңғы модельдегі телефондарды сатып алуға асықпыз. Әңгімеміз Android жөнінде болғандықтан, бұл жерде Samsung компаниясының S4 немесе S5 модельдеріне қатысты статистика келтірмекпіз.
Бүгінде Жер бетіндегі гаджеттерді қолданушыларға Android базасында жұмыс жасайтын телефондардың шамамен 3500 моделі ұсынылып отыр. Алайда олардың басым көпшілігі жаңа телефондарды сатып алуға асығар емес. «Неліктен?» деген сұраққа респонденттер «ескі смартфондары көңілдерінен шығатынын айтып, жаңа телефон сатып алу – қажет емес дүниеге ақша жұмсау» деп жауап берген екен.
Мысалы, АҚШ-та Google ұсынған ОЖ-де жұмыс жасайтын телефондар арасында танымалдығы жөнінен Samsung Galaxy S3 смартфоны бірінші орында тұр. Ол Android нарығының 13%-ын алып отыр екен. Ал бұл модельдің пайда болғанына да 2 жыл уақыт өткен. Ең қызығы – сұралғандардың 5%-ы әлі күнге дейін Motorola Droid Razr телефонын қолданып келеді екен.
Үшінші орында Galaxy S2 смартфоны орналасқан. Оны АҚШ қолданушыларының 5 пайызы пайдаланады.
Ал «дәл қазір қандай телефонды таңдар едіңіз?» деген сұраққа көпшілігі «Samsung Galaxy Note II» фаблеті деп жауап беріпті.
Дайындаған: Болат Қосмағамбет
Сурет: techradar.com