- Негізгі бет
- Білесіз бе?
- Әлемдегі ең қымбат...
Әлемдегі ең қымбат пошта маркасы 15 миллион долларға сатылады
Лондондағы аукционда әлемдегі ерекше және әйгілі пошта маркасы – "Британ Гвианасы" сатуға қойылды. Sotheby’s аукцион үйі брендті 10-15 миллион доллар аралығындағы суммаға сатуды жоспарлап отыр. Бұл сома өзінің бастапқы бағасынан шамамен миллиард есе артық.
The Guardian хабарлауынша, бұл бренд әлемдегі ең танымал және қымбат пошта маркасы. Сарапшылардың айтуынша, марка өзінің ерекше көрінісімен ғана емес, жылдар бойы экспонат ретінде адамдарға тиесілі болғанымен де бағалы.
Марка 1856 жылы Британ Гвианасында (қазіргі Гайана) Англиядан әкелінетін маркалар жетіспегендіктен шектеулі тиражбен шығарылған.
Британ Гвианасы сияқты бір центтік маркалар газет жеткізуде жиі қолданылған. Сондықтан олардың көпшілігі жойылып кеткен.
Марканы 1873 жылы 12 жастағы шотланд филателист ағасының қағаздарының арасынан тауып алған. Оны құнды қағаз деп 6 шиллингке сатқан.
Содан бері бренд қолдан қолға өткен сайын бағасы да өсіп келеді. 1980 жылы оны америкалық әуесқой спортшы Джон Дюпон рекордтық баға – 935 мың долларға сатып алды.
Марканың қазіргі иесі дизайнер – Стюарт Вайцман. Оны иемденген әп адам марка артына "қолтаңбасын" қалдырып отырған. Вейцман өзінің биік өкшелі аяқ киімінің суретін сызып, есімінің бас әрпін жазып қалдырған.
Т. Раушанұлы