Ұрланған байлықтар мен оның айналасындағы дау-дамаймен көптеген қылмыскерлер тарихта қалды. Атың шықпаса жер өрте дейді. Біріне адам сенгісіз ақшаларды қамырдан қыл суырғандай мінсіз етіп ұрлаудың сәті түссе, енді бірі өзінің күлкілі әрекеттерімен масқара жағдайда ұсталып жатты. Төменде осы сынды қызықты мәліметтердің бірнешеуін назарларыңызға ұсынамыз. Анық дәлелдер және құжаттар сақталып қалған һәм толық ашылған алғашқы үлкен ұрлық ретінде 1831 жылдың 19 наурызында Нью-ЙорктегіCity Bank-тен ұрланған 245 мың долларды айтуға болады. Қазіргі күнде онша көп еместей көрінетін бұл қаржы, сол дәуірде өте көп ақша саналатын. Себебі, АҚШ-тықтардың орташа айлығы сол кезде 30-40 доллар еді. Көп уақыт өтпей қылмыскер ұсталды. Ақшаның көп бөлігі банкке қайтарылған. Ал қылмыскер ағылшындық Эдвард Смит темір тордың арғы бетінде 5 жылын өткізуге мәжбүр болды. 1963 жылғы ұрлық тіпті қызық. Ол уақытта ақша емес, алтын емес пойыздың бүтін 2 вагоны ұрланған. Ал пойыз Англиядағы каролдікке тиісті екендігін білгенде мұқымАнглияполициясы мен қылмыстық іздестіру бөлімі аяғынан тік тұрды. Вагондағы қымбат бұйымдар артылған жүкті ұрлап кету үшін ұрылар қарапайым әдіс қолданған. Пойыз жолындағы бағдаршамның қызыл түсін жағып қойған. Пойыз тоқтай сала 15 адам оған кіріп, 20 минутта қымбат бұйымдар бар 2 вагонды пойыздан бөліп алып, қауіпсіз жерге апарып ішіндегі 2,6 миллион фунт стерлингке, қазіргі бағаммен 60 миллион долларға тең заттарды алып кеткен. Тез арада қылмыскерлер тұтқындалды. Бірақ, қылмыстық топтың басшысы Ронни Биггз ұсталмай қашып кетеді. Арадан 36 жыл өткесін ғана ол бәрібір ұсталып Англияға жауапқа тартылу үшін қайтарылған. 1990 жылы АҚШ-тағы ірі музейлердің бірінен қымбат картиналардың бірнешеуі ұрланады. Бұл жолы да қылмыскерлер қарапайым әдіс қолданған. Олар полиция киімімен музейге келіп, музейдегілерге дабыл құралын тексеріп көру керек екендіктерін айтқан. Нәтижесінде олар музейден әлем өнерінің жауһарларына жататын суреттердің бірнешеуін ұрлаған. Олардың ішінде Рембрандт, Моне, Дега сынды суретшілердің қайталанбас туындылары жалпы көлемі 300 миллион доллар болатын суреттер де бар еді. Қылмыс бүгінгі күнге дейін жұмбақ күйінде ашылмай қалып отыр. 2008 жылдың 10 ақпанында да жоғарыдағы жағдайға ұқсас ұрлық орын алған. Цюрихте тұратын Эмил Бюрленің жеке коллекциясынан Ван Гог, Сезанн сынды суретшілердің 165 миллион долларлық суреттері ұрланып кеткен. Негізгі мәліметтер үшін 100 мың франк берілуі айтылды. Арадан 2 күн өтіп жындыхана қасындағы көліктен суреттердің кейбірі табылды. Бірақ олардың екеуі әлі табылмай отыр. 2009 жылдың 25 маусымында ресейдің Пермь қаласынан банктың арнайы көлігі инкассатордан 250 миллион рубль (шамамен 10 миллион доллар) ұрланған. Көп өтпей ұры Александр Шурман екендігі анықталып, ол орманға көміп қойған ақша да табылды. Бірақ ақшаның 1,5 миллионын жомарт Шурман туыстарына таратып жіберген. Сотта оған 8 жыл жазасын өтеу үкім етілді. Қызығы сол, ақша иесі саналатын банк соттан ақша Шурманда тұрған уақыт үшін пайыз өндіруді талап еткен. Күлкілі қылмыстар АҚШ-та бір жігіт қалтасын оңайлықпен толтырғысы келіп жанармай бекетіне кіріп барып, барлық ақшаны беруді талап ете бастаған. Бірақ жанармай қызметкерлерінің екеуі оған қарсылық көрсете бастаған. Нәтижесінде қылмыскер қорыққанынан полицияға хабарласқан. 2008 жылы америкалық полицейлер біраз уақытқа дейін бір ұрыны ұстай алмай жүреді. Ұры қарапайым жолмен зергерлік дүкендерінің терезесін кірпішпен сындырып тонап кетіп отырған. Кезекті осындай қылмыстың бірінде дүкен терезесі соққыға шыдамды болып, ұрының лақтырған кірпіші қайтып кеп өз басына тиген. Соққының салдарынан қылмыскер 2 сағат орнынан тұра алмай жатқан. Осы уақыт аралығы полицияның келіп, оны тұтқындауына жеткілікті болды.