Әлемдегі ең алғашқы сайтты (info.cern.ch) 1990 жылы физик Тим Бернерс-Ли жасап шығарған. Оның құрылымы өте қарапайым болды. Ол кезде компьютерлік графика болмағандықтан, сайтта тек мәтін ғана тұрған. NeXTcube базасындағы WorldWideWeb гипертекстік браузерін де Бернерс-Ли ойлап тапқан екен.
Сайтта ең алғашында браузерлер мен серверлерді қалай орнату керектігі жайлы ақпарат жарияланып отырған. Кейін Бернерс-Ли басқа сайттарға да гиперсілтемелер жасауды бастады.
1991 жылы веб-сервер Еуропаның басқа да аймақтарына тарала бастайды. 1993 жылдың қазан айында веб-серверлер саны әлем бойынша 200-ге жетеді. Еуропа ядролық зерттеу ұйымы 1991 жылдың соңында Женевада Тим Бернерс-Лидің құрметіне WWW стандартын енгізеді.
Айта кетейік, Бернерс-Ли жасап шыққан ең алғашқы сайт (info.cern.ch) әлі күнге дейін жұмыс істейді. Қазір Тим Бернерс-Ли интернет стандарттарын әзірлеп, дамытатын World Wide Web Consortium компаниясын басқарады.
сурет: bm.img.com.ua