Ғарыш – қашаннан қызықты тақырып. Дегенмен, жер серігі Айға деген қызығушылық жыл санап артып келеді. Жапонияның аэрокеңстікті зерттеу агенттігі(JAXA) өзінің алдағы жоспарларымен бөлісті.
JAXA баспасөз хатшысы СNN арнасына берген мәлімдемесінде өз зымырандарын ұшыруды көздеп отырғандығымен қатар, Айға бару мүмкіндіктерін қарастырып жатырғандықтарын сөз етті. Оның анық-қанығы келесі жылдың көктемінде өткізілетін Әлемдік кеңістікті зерттеу форумында белгілі болатындығын айтты. Дегенмен, JAXA өкілі дайындыққа 2025 жылдан бастап кірісетіндігін назардан тыс қалдырмады.
Ай – бүкіл әлемді қызықтырып отырған ғарыштық дене. Жақында ғана Қытай тек айға ұшып қана қоймай, онда зерттеу орталығын ашуды көздеп отырғандығын айтқан болатын. Әрине, оған бірнеше жыл керек. Бірақ нәтижелі болатынына көршілеріміз сенімді.