- Негізгі бет
- Білесіз бе?
- Алдағы 3 жылда...
Алдағы 3 жылда 2 миллионнан аса ауыл тұрғыны сапалы интернетке қол жеткізеді
Алдағы 3 жылда 2 миллионнан аса ауыл тұрғыны сапалы интернетке қол жеткізеді. Яғни 1700-ге жуық елді мекен ғаламтор желісімен қамтылатын болады. Қазір тиісті тізім анықталып жатыр. Бүгін Үкімет отырысында Ақпарат және коммуникациялар министрі осылай деді. Дәурен Абаевтың айтуынша, 2021 жылға дейін ұзындығы 24 мың шақырым талшықты-оптикалық байланыс желілері тартылады. Жоба мемлекеттік-жекеменшік әріптестік негізінде іске асады.
"Мемлекеттік органдардың байланыс қызметтерін 13 жыл бойы кепілді тұтынуын қамтамасыз ету де қарастырылып отыр. Осының нәтижесінде Интернетке секундына 20 мегабитке дейінгі жылдамдықпен қол жеткізуді қамтамасыз ету, шамамен 2 мың мектепті интернетпен қамту және денсаулық сақтау мекемелерінде де, жергілікті мемлекеттік органдарда да 1200 нүктеден қосу жоспарлануда", - деді Дәурен Абаев.
Айта кетейік, Цифрлық Қазақстан бағдарламасының да 4 негізгі бағытының біріншісі – ауыл-аймақты кең жолақты интернетпен қамтамасыз етіп, еліміздің транзиттік мүмкіндіктерін арттыру болып табылады.
М. Оңғарова