Spacex компаниясының басшысы, әлемдегі ең бай адамдарының бірі Илон Масктің жаз айында АҚШ-тағы көлік кептелісін ретке келтіру үшін Вашингтон мен Нью-Йорк арасында жер асты жолын салуды көздегенін білеміз. Оның бұл идеясын жаппай халық қолдап, алыс-жақын елдердің өзінде ұсыныстар жасалғанын айта кету керек. Өкінішке орай Илон Маск бастама жасап отырған жобаны Ақ үйдегі шенеуніктер қос қолдап қорғағанымен, ол басты келісім-шартының орындалмайтынын ескермеген болса керек, Ақ үй кеңесшісі Рид Кордиш бұл жобаның жүзеге асуы мүмкін еместігін атап көрсетті.
Вашингтон мен Нью-Йорк арасында жоба негізіндегі жер асты жолын салу үшін әр аймақтан мыңдаған құжат пен рұқсат қағаз керек. Ал бұл көзқарасты қолдайтын тарап бар және керісінше қарсы келетін де тарап бар. Сондықтан болар Ақ үй өз шешімін осылай деп жариялады. Дегенмен бұл жобаның мүлде жүзеге аспай қоюы мүмкін деген түсінік емес, бәрі де болуы ғажап емес. Тек бәрі Илон Маск ойлағандай оңай дүние емес.
Еске сала кету керек The Borning компаниясы алғашқы жұмысын бастап кеткен. Арнайы жер астын қазуға арналған қуатты технологиялар да алынып қойған. Тек жалғасын табу үшін Ақ үйден жауап кеткен Илон Маск үшін бұл үлкен сәтсіздіктердің бірі болары анық.