- Негізгі бет
- Білесіз бе?
- Ажырасуға тыйым салынған...
Ажырасуға тыйым салынған мемлекеттер
Ажырасу дегеніміз – некені заңды тұрғыдан бұзу үрдісі. Бұл ерлі-зайыптының арасында заң тұрғысынан белгілі бір міндеттері мен құқықтары болады. Ажырасудың өзі де азаматтарға берілген заңды құқық болғандықтан, оны ерлі-зайыптының біреуі не екеуі де саналы түрде шешім қабылдап, құқығын пайдалана алады. Бір-бірінің алдындағы заңды міндетті бұзуды ажырасу дейміз.
Кез келген мемлекетте неке мен ажырасуға арналған заң болады. Ал ажырасуды тек сот арқылы ғана шешеді. Сот алимент, бала тәрбиесі, бала асырап алу, мүлікті бөлу сынды мәселелерді қарастырып, қос азаматтың құқығына берілген нәрселерді шешіп береді. Ажырасу әлем елдердің барлығы дерлік рұқсат берген. Еш кедергі жоқ. Алайда Филиппин мен Ватикан елдерінде ажырасуға мүлдем тыйым салған екен.
Филиппин
Филиппин – ажырасуға тыйым салған Біріккен Ұлттар Ұйымына енетін жалғыз мемлекет. Бұл елде ажырасу жайлы заң не құқықтық акті жоқ. Ажырасу заңсыз болып саналады. Мұнда тек мұсылмандар ғана ажыраса алады. Оның өзінің дәстүрі мен шарты бар. Яғни, шариғат жолымен ажырасады.
Шетелде жүрген филиппин азаматтары да ажыраса алмайды. Егер ажырасқан жағдайда, Филиппин елінде оның заңды күші болмайды. Бірақ ерлі-зайыптының біреуі шетел азаматы болса, онда ажырасуға рұқсат.
Филиппин елінде мұсылман еместерге некесін жоққа шығаруға рұқсат берілген. Алайда бұған көп уақыт пен қаржы кетеді. Құжат жинаудың өзі 10 жылға созылуы мүмкін. Психологиялық тестілеуден өтудің өзі ұзақ үрдіс.
Ватикан
Ватикан – жер шарындағы ең кіші мемлекет, қала-мемлекет. Христиан дінінің католик бағытын ұстанатын бұл елде де ажырасуға тыйым салынған. Католиктер отбасыны үлкен құндылық санайды әрі киелі, қасиетті деп бағалайды. Некеге адалдық танытады.
Сондықтан Ватиканда ажырасуды реттейтін заң жобасы жоқ. Бірақ ерлі-зайыптылардың некені жоққа шығаруға қақысы бар.
АҚШ штаты
АҚШ-тың кейбір штаттарында неке туралы заң қаталдау. Ажырасу үшін нақты себеп керек. Егер ері мен әйелінің біреуі көзге шөп салса, онда заң тұрғысынан ажырасуға рұқсат.
Қ. Слямбек