- Негізгі бет
- Білесіз бе?
- Адамзат жойылып кете...
Адамзат жойылып кете жаздаған 8 тарихи оқиға
Адамдар өздерін қысқа мерзімде жаңа қала тұрғыза алатын немесе керісінше мыңдаған ядролық қару арқылы планетадағы барлық тіршілікті құрта алатын қуатты күш иесіміз деп санайды. Біз табиғатқа әмірімізді жүргіземіз деп ойлаймыз. Бірақ табиғат олай ойламайды және үнемі адамзат баласын Жер бетінен "жоюға" тырысады. Әзірге барлық әрекеті нәтижесіз. Қазіргі коронавирус індетінің болуы да сол әрекеттің бір көрінісі...
1. 340 мың жыл бұрынғы супержаңаның жарылуы
1972 жылы итальяндық астрономдар 340 мың жыл бұрын Күн жүйесінен онша қашық емес жерде супержаңа жарылыс болғанын анықтады. Супержаңа жарылыс салдарынан артында газ көпіршігін қалдырып, кішкентай нейтронды жұлдызға айналған. Ғалымдардың пайымдауынша, ғаламшарға жеткен радиацияның үлкен дозасы Жер бетіндегі тіршілікке, әсіресе адамзатқа қатты әсер еткен. Жердегі тіршілік иелерін күйдірген. Жарылыстың күшті болғаны соншалық, оның жарығы Күн жарығынан әлдеқайда күшті болған.
Ғалымдардың пікірінше, егер супержаңа Күн жүйесіне өте жақын қашықтықта жарылған болса, ол Жер атмосферасының жиырма пайызын күйдіріп, ондағы барлық тіршілік иелерін түгел жойып жіберуі мүмкін еді.
2. Мұз дәуірі 195 мың жыл бұрын
195 мың жыл бұрын кайнозой мұз дәуірінің кезекті айналымы басталды. Ауа райы қатты суып, Жердің басым бөлігін мұз жапты. Кайнозой дәуірінде мұз қазіргі Оңтүстік Африка Республикасынан бөлек, барлық жерді басқан. Осының салдарынан өсімдіктер мен жануарлардың жойылып кету қаупі туды. Суық ауа райынан қашқан адамдар қазіргі Оңтүстік Африканы паналады. Сол кезде Жер бетінде тек бірнеше жүз адам қалған екен.
3. 75 мың жыл бұрын Тоба супервулканының атқылауы
Шамамен 75 мың жыл бұрынғы соңғы мұз дәуірінде Тоба супервулканы оянып, 2800 текше шақырымнан астам магма атқылаған. Оның салдарынан аспанға 800 текше метр күл ұшқан.
Ғалымдардың пайымдауынша, күл бұлты бүкіл әлемді бірнеше жыл бойы жауып, температураның төмендеуіне алып келді. Әр түрлі болжамдар бойынша, сол кездегі ауа райы бір градустан он бес градусқа дейін төмендеген. Бұл өсімдіктердің, жануарлардың және адамдардың өлуіне себеп болды. Күн сәулесі түсіп, ауа райы ыси бастағанда Жер бетінде шамамен 20 мыңға жуық адам қалған екен.
4. 1883 жылғы Құйрықты жұлдыз
1883 жылы 12 тамызда астроном Хосе Бонилла Мексикадағы Закатекс обсерваториясында Күн дискісін кесіп өтіп жатқан 300-ден астам қараңғы белгісіз заттарды байқады. Үш жылдан кейін Бонилла өзінің ашқан жаңалығын фотосуреттерімен қоса француздың L'Astronomie газетінде жариялады. Астрономдар "Хосе телескоп линзаларын жауып тұрған қарапайым шаңды көрген" деді. Бірақ олар қателескен болатын.
2011 жылы Мексика Ұлттық Автономиялық Университетінің зерттеушілері Хосе Бонилла салмағы миллиард тоннаға жуық үлкен комета шоғырын көргенін анықтады. Кометаның параллаксын есептегеннен кейін ғалымдар "комета мен оның қалдықтары Жерден небәрі 600 шақырым қашықтықта ұшып өтті және егер олардың ең болмағанда бір бөлігі планетаға соғылса, бұл адамзаттың жойылуына әкелуі мүмкін еді" деген қорытындыға келді.
5. 1918 жылғы испан тұмауы
Вирустар табиғаттың бір бөлігі. Жақында халықаралық ғалымдар тобы құстар мен сүтқоректілерден 850 мыңға жуық вирус анықтады, олардың әрқайсы қазіргідей пандемия тудыра алатынын анықтады.
ХХ ғасырдың басында испан тұмауы көптеген адамдардың өмірін жалмады. Испан тұмауы – жұқтырған және қайтыс болған адамдар саны бойынша ең үлкен тұмау пандемиясы болды. Әр түрлі болжам бойынша, пандемияның екі жылында кем дегенде 550 миллион адам испан тұмауын жұқтырған. Ол сол кездегі әлем халқының 30 пайызы еді. Ал аталмыш індеттен 17-ден 100 миллионға дейін адам қайтыс болған. Бұл сол кездегі халықтың шамамен 3-20 пайызы.
Адамдардыңң бақытына орай вирус мутацияланбаған, әйтпесе әлем адамзсатсыз қалатын еді.
6. Күн дауылы 2012 жыл
Барлығы 2012 жылды асыға күтті, өйткені Майялардың болжамын бойынша осы жылы ақырзаман келуі керек еді. Кейін ғалымдар Майя тайпасының қателеспегенін, 2012 жыл шынында да адамзаттың соңғы жылы болуы мүмкін екенін анықтады. 2014 жылы NASA 2012 жылдың шілдесінде Жердегі кейінгі бір ғасырдағы ең күшті дауыл болғанын мәлімдеді. Оның себебі Күнде магниттелген плазмамен бірге жұлдыз шығаратын ультракүлгін және рентген сәулесінен тұратын радиациялық дауыл болған.
Егер біздің планетамыз сол сәтте дауылдың басталу жолында болса, ол бізге шамамен бір күнде жететін еді. Магнит дауылы барлық электр жүйесі мен құрылғыларды істен шығарып, адамзат баласын қайтадан орта ғасырға бірақ-ақ "ұшырып" апаратын. Бұдан бөлек, мұндай күшті дауыл Жер бетіндегі барлық тіршіліктің ДНҚ тізбегін бұзып, емі жоқ сырқаттар туғызатын.
Негізінен бізге сол кезде сәттілік жолдас болғанға ұқсайды. Себебі, магнит дауылы бір апта бұрын басталған болса, Жер дауылдың тура жолына түскен болар еді.
7. Челябі метеориті 2013 жыл
Челябинскіге метеорит түсіп, оның қалдықтары жан-жақа ұшқаны есіңізде ме? Тіпті оның Жер бетіне түсуі бірқаттар апат әкеліп, нәтижесінде екі мыңға жуық адам жарақат алды. Челябинсктегі бірнеше ғимарат қирады. NASA сарапшыларының пікірінше, атмосфераның тығыз қабаттарындағы Челябі метеоритінің жарылу күші 300-ден 500 килотоннаға дейін болған. Бұл Хиросимаға тасталған атом бомбасынан жиырма есе күшті.
NASA мамандары диаметрі 19,8 метр, салмағы 13 мың тоннаға жуық метеорит ауада жарылып кетпей, Жер бетіне түссе, бұл бірнеше елді мекеннің толығымен жойылуына әкелетін еді деп болжайды. Ия, бұл адамзат баласын толық жоймағанымен миллиондаған адамның өліміне себеп болатын.
8. 2013 жылғы Апофис
Апофис астероиды өте танымал және біздің планетамыз үшін ең қауіпті астрономиялық нысандардың бірі. 2013 жылы ол Жерден 14 миллион 460 мың шақырым қашықтыққа ұшып өтті. Бұл өте үлкен қашықтық сияқты, бірақ іс жүзінде Күнге дейінгі қашықтықтың оннан біріне жетпейді. Оның диаметрі шамамен 325 метр. Ол біздің планетамен соқтығысқан кезде жарылыс күші, әр түрлі бағалаулар бойынша, 506-дан 1200 мегатоннаға дейін болатын. Салыстыру үшін айтатын болсақ, Тунгус метеоритінің жарылыс күші 10-нан 40 мегатоннаға дейін, ал ең қуатты атом бомбасының ("Патша Бомба") жарылыс күші - 57-ден 58,6 мегатонға дейін.
Зерттеушілер Апофис Жер бетіне түссе оның кратерінің диаметрі алты шақырымға тең болар еді деп санайды. Бұл апаттың салдарынан адамзат түгелдей жойылатын еді, ал тірі қалғандары Жер бетін жапқан күл салдарынан пайда болатын ұзақ қыстан аман қалмайтын.
Т. Раушанұлы