Адам – Жер бетіндегі ең жоғарғы даму сатысындағы тіршілік иесі. Біз ұсынар мәліметтер тізбегінің бірін білсеңіз, бірін білмейтін боларсыз. Бір көз жүгіртіп шығыңыз.
♦ Бала күніне 400 рет, ал ересектер күніне шамамен 15 рет күледі;
♦ Бес адамның екеуі алғашқы махаббатына үйленеді;
♦ Ерлерге қарағанда, әйелдер автотұраққа көлікті жылдам қояды;
♦ Орта есеппен ең аласа бойлы адамдар – жапондар, ал, ұзын бойлы – нидерландықтар;
♦ Ағылшындар ең көп шай ішетін халық. Мысалы америкалықтарға қарағанда жиырма есе көп ішеді екен;
♦ Адамдардың 47%-і айына кем дегенде бір рет армандайды;
♦ Өмір бойы адам жердің 5 экваторына тең қашықтықты жүріп өтеді;
♦ Адам неғұрлым ақылды болса, соғұрлым оның шашында мыс пен мырыш көп болады;
♦ Адам орта есеппен 7 минут ішінде ұйықтап кетеді;
♦ Әлемде 365 миллионға жуық адам компьютерге ие, ал әлем халқының жартысы ешқашан телефон көрмеген немесе қолданбаған;
♦ Сіз туған күні әлемде тағы 20 миллионға жуық сәби өмірге келген;
♦ Әйелдердің орташа IQ коэффициенті ерлерге қарағанда жоғары;
♦ Жерде әр үш минут сайын бір адам БҰН (НЛО) көргенін хабарлайды;
♦ Әлем халқының шамамен төрттен бірі Қытайда тұрады;
♦ Көк көзді адамдар қараңғыда жақсы көреді;
♦ Өтірік айтып тұрған адам алдымен жоғарыға және солға қарайды;
♦ Әйел күніне орта есеппен 11 шақырым жүріп, үй жұмысын жасайды;
♦ Жер бетіндегі әрбір бесінші адамның бір көзі көк, бір көзі қоңыр;
♦ Адам орта есеппен өмірінің бес жылын тамақ ішуге жұмсайды;
♦ Әйелдің есту қабілеті ер адамға қарағанда жақсы;
♦ Адамдардың көпшілігі өмірінің соңына дейін 3 сағатты су астында өткізеді;
♦ Кениядағы халықтың жартысынан көбі 15 жасқа дейінгі жастар;
♦ Шотландияда әлемдегі кез келген елге қарағанда көп қызыл шашты адамдар тұрады;
♦ Ұлдардың көпшілігі күндіз, ал қыздардың көпшілігі түнде өмірге келеді;
♦ Ер адамдар әйелдерге қарағанда ұзағырақ, қатты және жылдам күледі;
♦ Ерлер әйелдерден 40% көп терлейді;
♦ Адам күніне орта есеппен 18 мың қадам жүреді;
♦ 100 жасқа дейінгі адамдардың 80%-і әйелдер;
♦ Егіздердің саусақ ізі әртүрлі болады;
♦ Адамдар көзін жылына он миллион рет ашып-жұмады;
♦ Америкалықтардың 40 пайызы тіс дәрігеріне ешқашан барған емес;
♦ Әр үш секунд сайын жер бетінде бір сәби дүниеге келеді;
♦ Адам өмір бойы 27 тонна тамақ жейді, бұл жеті пілдің салмағына тең;
♦ Ерекше есімі бар ер балалардың 50%-тен астамында психикалық проблемалар болады;
♦ Америкалықтар балалар тағамына қарағанда мысықтардың тамағына көп ақша жұмсайды;
♦ Ай сайын әлем бойынша 2500 ана жаңа туған нәрестелерін тастап кетеді;
♦ АҚШ-тағы ең қауіпті бизнес – Аляскада асшаяндарды аулау;
♦ Әйелдердің 29 пайызы өмірлік серік таңдаудан гөрі аяқ киім таңдауға көбірек уақыт бөледі;
♦ Ерлердің 70%-і және әйелдердің 57%-і күн сайын душқа түседі.