- Негізгі бет
- Білесіз бе?
- Youtube туралы 18...
Youtube туралы 18 дерек
• Егер Youtube Голливуд кинокомпаниясы болғанда оның аптасына 60 мың жаңа фильм шығаруға материалы жетер еді;
• Егер Youtube-қа соңғы екі ай көлемінде салынған видеоларды дайындау үшін оларды NBC, ABC, CBS (АҚШ) телеарналарына берсе, 1948 жылдан бастап демалыссыз жұмыс істеулеріне тура келер еді;
• Youtube-тің қазіргі интернет трафигі 2000 жылғы бүкіләлемдік интернет трафигімен бірдей;
• Youtube видеохостингіндегі барлық видеоларды көріп шығу үшін сізге 1000 жыл қажет болады. Ал оған дейін видеолар саны миллиардтан асып кететіні сөзсіз;
• Youtube-тағы ең әйгілі айдар – Музыка. Ол хостингтің 20 пайызын қамтып отыр;
• АҚШ Youtube-қа видео салу бойынша көш бастап тұр. Екінші болып тізгінді Ұлыбритания алған. Ең көп көрілімдер бойынша да АҚШ, сосын Жапония елі бірінші;
• Youtube тарихындағы алғашқы салынған видео "Мен хайуанаттар бағындамын" деп аталады. Ол 2005 жылы 23 сәуірде салынған;
• Youtube арқылы күн сайын көрілетін видеолар саны 2 миллиардтан асады;
• Google Youtube компаниясын 2006 жылы 1,65 миллиард АҚШ долларына сатып алды;
• Youtube-қа түскен алғашқы орыс тілді видео 2007 жылы тіркелген. Ол Петр Наличтің "Гитар" әніне түсірілген бейнетаспа болатын;
• 2007 жылдың 13 наурызында «Viacom» компаниясы Youtube-тағы авторлық құқықтардың бұзылып жатқандығына қатысты Google компаниясын сотқа береді. Нью-Йорк штаты Оңтүстік округінің федералды соты арызды толықтай дұрыс деп табады. Соңыра Google Youtube-қа қатысты жеке ақпараттарды ұсынып отыруға міндетті болады;
• Youtube-та жұлдыз болған адамдар ғаламтордан тыс әлемде де жұлдызға айналды. Мысалы, канадалық Джастин Бибер өзінің видеолары арқасында дыбыс жазушы компаниямен қымбат келісім шартқа қол жеткізеді. Оның ән айтқан видеоларын Youtube-қа анасы салған екен;
• 2014 жылдың сәуір айына қатысты статистикалық ақпаратқа орай, Youtube-қа әр минутта 35 сағаттық видео жүктеледі екен. Ал күніне 50 400 сағаттық;
• "Өшірілген" деп көрсетілген видеолар, шын мәнінде, өшпеген болады. Deleted YouTube Video Viewer деген атауға ие қосымша арқылы өшірілген видеоларды көруге болады;
• 2009 жылдың наурызында Қытай өкіметі өз территориясында YouTube видеохостингін жауып тастады. Оған YouTube-қа жарияланып кеткен Қытай әскерлерінің тибеттік монахтар мен өзге Тибет тұрғындардың ұрып жатқан видеосы себеп болған.