Xiaomi компаниясының вице-президенті Bloomberg басылымына берген сұхбатында Apple өнімдерінің дизайнын көшірмегенін айтты. Шындығында, Хьюго Барраның айтқандары компанияның осыған дейінгі берген мәліметіне қайшы келеді.
Хьюгоның айтуынша, Xiaomi компаниясының Apple-ден көшіргені туралы айтқан сарапшылардың сөзі жалған. Расында Xiaomi жалпыға тиісті шектеуден асып отырған жоқ. Осы орайда iPhone 5 пен Mi4 смартфондарын салыстырып көруге болады.
«Apple құрылғыларының элементтері Samsung, тіпті HTC компанияларының девайстарында да кездеседі. Сарапшылар неге Xiaomi өнімдеріне қатысты пікір айта береді?» - дейді Хьюго Барра.
Айта кетелік, Xiaomi компаниясы небәрі 5 жыл бұрын құрылған болса да, бүкіл Қытай нарығын жаулап үлгерді. Сондықтан оның халықаралық нарыққа шығуы өзге бәсекелес компанияларды даурықтырып отыр. Сол себепті Xiaomi-ді әртүрлі патенттік проблемаларға жетелеу үшін сарапшылар көп арыздана бастаған.
Хьюго осыған дейін Google корпорациясында беделді қызмет атқарған. Ол смартфондар нарығының батыстық даму үлгісін жақсы біледі. Ол Xiaomi компаниясының әлемдік нарыққа шығып қана қоймай, тез арада оның басты үлескерлерінің біріне айналатынына сенеді.
Естеріңізге сала кетсек, 2014 жылдың соңында Xiaomi президенті алдағы 5-10 жылда әлемдік нарықты бағындырып, Apple, Samsung сынды компанияларды басып озатынын айтқан болатын. Ал Apple-дің бас дизайнері Джонатан Айв Xiaomi компаниясы өзіне тиесілі идеяны ұрлады деп ойлап, аталған компанияның үстінен шағым түсіреді.
Расында, бұл екі компания арасында үлкен жанжал болуы мүмкін. Олардың әзірге тек әлемдік нарықта бір-бірімен кездесуі ғана қалып отыр. Бұл Samsung пен Apple арасындағы даулы сот істерінен де асып түсуі ықтимал.