"X Factor" — ерекше вокалдық және әртістік қабілет иелерін іздеу мақсатында ашылған әлемдегі ең үлкен тележобалардың бірі. 6 қыркүйектен бастап қазақстандық табынушылар оны «Еуразия» бірінші арнасы эфирінен ғана емес, республикадағы ең танымал әлеуметтік желілердің бірі – "Менің әлемімнен" де көре алады (ай сайынғы аудитория — Gemius деректері бойынша 3 млн пайдаланушы). "Менің Әлемім" әлеуметтік желісі "X Factor Kazakhstan" танымал телешоуының арнайы бейнеарнасын іске қоспақ.
"X Factor" арқасында танылған дарындардың көпшілігі бүгінде Қазақстан эстрадасында өнер көрсетіп жүр. Алдыңғы маусымның "X Factor Kazakhstan" жеңімпаздары — Дария Ғабдулл, Андрей Тихонов, Евгения Барышева және Қайрат Қапанов Sony Music компаниясымен келісімшарт жасасты. "Менің Әлемім" бейнеарнасының жазылушылары бесінші қазақстандық "X Factor" телешоуының ең жақсы үзінділерін тамашалай алады. 2014 жылдың қарашасында "Менің Әлемімдегі" бейнеарна үшін "X Factor" телешоуының тоғыз финалисі ерекше роликтер жазады. Бейнеарнаға жазылу тегін болады.
«Біз қазақстандық "X Factor KZ" телешоуында жеке бейнеарнаның пайда болуы біздің белсенді пайдаланушыларды қуантатынына сенімдіміз, олардың арасында республика тұрғындары аз емес. Бұған қоса, "Менің Әлеміммен" ынтымақтастық байқау қатысушыларына жаңа мүмкіндіктерді ашады: енді оларды телекөрермендер ғана емес, әлеуметтік желінің миллиондаған пайдаланушылары да көреді», - дейді "Менің Әлемім" әлеуметтік желісінің жетекшісі Денис Алаев.
Дайындаған: Мейіргүл Оңғарова
Сурет: gazeta.zn.ua
«Х-Factor» жеңімпаздары немен айналысуда?