WiFi қалай жұмыс жасайды?

WiFi қалай жұмыс жасайды?
Фото: hi-news.ru

WiFi десе елең етер құлақ көп. Себебі күндік не айлық ақшасы төленбей қалса, үйіңіз жарықсыз, қаңырап бос қалғандай болады. Бұл қазіргі ақпараттық заманның жасап қойған жүйесі. Алдымен ет үйренсін дедік, енді санаға сіңді. Қысқасы интернет жоқ болса, күніміз қиындау. Ал сол интернетті таратушы, үйіңізде бұрышта жатқан шағын ғана қорапша секілді аппараттың (WiFi) қалай жұмыс жасайтынын білесіз бе? 

WiFi 1998 жылы Аустралияның CSIRО лабораториялық радостанциясында құрастырылды. Әлемді жаулап алған бұл желінің иесі инжер – Джон О Салливан. «WiFi» сөзі ең алғашы Hi-Fi ойының негізінде пайда болған. (High Fidelity – дәлме-дәл). Сол кездің өзінде кейбір баспасөздерде бұл термин «Wireless Fidelity» – сымсыз дәлдік деп жазылып жүрді. Ал қазір WiFi сөзі қысқартылған мағынада қолданылғанымен, нақты түсінігі жоқ. 


WiFi жұмысы радиотолқындар арқылы жүзеге асады. Негізінде WiFi желісінің сызбасы кем дегенде бір кіру нүктесі және бір тұтынушыға жасақталған. Сонымен қатар екі тұтынушы да қосыла алады, кіру нүктесі өшіп тұрған жағдайда тұтынушы «төте өту» адаптері арқылы желіге қосыла алады. Адаптерлер өзге де құрылғыларда жұмыс жасау үшін әрбір компьютерде сандық мәліметтер реттеліп радиотолқынға жеткізіледі. Олар өзге құрылғыдан келетін белгілерді радиотолқындар арқылы қабылдайды. 

WiFi желісі арнайы «2,4» және «5» Ггц деп саналатын радио жиіліктері арқылы жұмыс жасайды. Бұл көп елдердің аумағында ресми тіркелмеген радио қызметі деп есептеледі және оларды ресми тіркеусіз де пайдалануға болады. 

Желіге қосылу үшін міндетті түрде желінің идентификаторын білу керек. Кіру нүктесі әрбір 100 миллисекунд ішінде жылдамдығы 0,1 Мбит/с жететін арнайы сигнал пакеттерді іске қосады. Сондықтан 0,1 Мбит/с – WiFi желісінің ең төменгі жылдамдығы. 

Кең аумақта яғни 50-100 метр жерде тұтынушы желіні емін-еркін пайдалану үшін, арнайы роутерлер пайдаланылады. Сол арқылы тұтынушы үй ішінде еркін қозғалып, байланысты үзбей жұмысын жасай береді. 

WiFi желісі жаңаланып отырады. 2014 жылдың қаңтар айынан бастап IEEE 802.11 ас жүйесі қабылданды. Оның интернетті тарату мүмкіндігі Гбит/с дейін жетеді. Сонымен қатар IEEE 802.22 түрі де бар. Бұл ауылдық аймақтарға арналған радиусы 100 км болатын мекенде қолданылады. Жылдамдық 22 Мбит/с. 

М. Ақан