Wi-fi роутерін түнде өшіріп қоюымыздың себебі

Wi-fi роутерін түнде өшіріп қоюымыздың себебі
Фото: KPYTO.ASIA

Ғылым саласында жүрген зерттеушілердің барлығы wi-fi роутері тілсіз жау екенін растайды. Оған айтар ең маңызды уәжі – ол радиацияны ең тез таратушы құралдардың бірі. Ал бұл улы сәулелер қай күні түбімізге жетерін білмесек те, зиянын біле тұра ескермей келеміз. «Қолымды мезгілінен кеш сермедім» демей тұрғанда, дұшпанның бетін қайтарайық.

Қажетіміздің барлығын интернеттен табатын болған соң, амалсыз барлық жерге wi-fi қондырып қойдық. Бұл технологияның қандай зияны болуы мүмкін?

Радиация арқылы таралған улы сәулелердің зияны қанша айтылса да, тұрғындар назар аудармай келеді. Оның рак секілді дауасыз қатерлі ісіктерді тудыру қаупі жоғары.

Өзін себепсіз ауырып-сырқай беремін дейтін кісілер де жиі туатын бас ауруы, ұйқы бұзылуы, мазасыздық тәрізді жайлар орын алуына басты себеп wi-fi екеніне сенгісі келмейді.

Радиация сәулелері, әсіресе, енді жетіліп келе жатқан балаларға тез әсер етеді. Баланың болашағына бей-жай қарай алмайтын Франция, Швеция, Ұлыбритания сынды елдер мектеп, мұражай, кітапхана, басқа да қоғамдық орындарға wi-fi роутер орнатудан бас тартқан.

Әлемде электромагниттік ластану күн емес, сағат санап ұлғайып жатыр. Арада санаулы жыл өткен соң зияны қаншалықты ұлғайып, өмірімізге қандай кесел әкелерін елестете де алмаймыз. Осы мәселеге алаңдаған АҚШ және Жапония ғалымдары электромагниттік толқындарды қолданбай жұмыс істейтін технология ойластырып жатыр.

Бұл зияндылықтар туралы 30 жыл бойы ескертіліп келеді. Бірақ әлі құлақ асатын адам аз. Ересек, жетілген, болашағымызға, ұрпағымызға алаңдайтын азамат ретінде әрқайсысымыз өзіміз бен жақындарымызды зиянды сәулелерден қашық ұстай аламыз.

Wi-fi роутерінің зиянды әсерін бәсеңдету жолдары

– Түнгі уақытта міндетті түрде не қолданбайтын сәтте мүлде өшіріп қою.
– Роутер ас үйде не жатын бөлмеде орналасқан болса, адам көп кірмейтін бөлмеге ауыстыруға тырысыңыз.
– Ұялы телефондар мен компьютерден, басқа гаджеттерден келетін зинды да ойлаңыз. Оларды үнемі қолда ұстамауға, мейлінше өзіңізден қашықта қоюға талпыныңыз.
– Уақытыңыздың көп бөлігін таза ауада өткізіп, физикалық жаттығулармен айналысыңыз. Кітапты да қағаздан жасалған дәстүрлі түрінен оқыңыз.

Сымсыз интернет аса ыңғайлы, алайда денсаулыққа кесірі одан да көп екенін естен шығармаңыз. Аралық қалыпты сақтай біліңіз.

@. @assel_assanova