Британиялық ғалымдар бірқатар зерттеу жүргізіп, Wi-Fi балалардың денсаулығына әлдеқайда қауіпті екенін анықтады, деп хабарлайды kazinform.kz.
Британиялық зерттеушілер жүкті әйелдерге мобильді телефонды қалтасына салмауға кеңес береді. Бұл оның құрсағындағы баланың денсаулығына, соның ішінде оның миының дамуына теріс әсерін тигізеді, деп жазады Росбалт.
Сарапшылар смартфондар шығаратын компаниялар гаджет пен оның иесі арасындағы ең жақын қашықтықты белгілеу керектігін мәлім етті. Сондай-ақ, адам компьютер мен планшетті 20 cм қашықтықта ұстау керектігі айтылды.
сурет: bbc.com