Твиттердің Франциядағы қолданушылары енді өздерінің твиттері арқылы ақша аударымдарын жүргізу мүмкіндігіне ие болды. Твиттіктердің жаңа функциясы Марк Цукербергтің әлеуметтік желісімен бәсекеге қабілетті бола білуіне орасан зор қолдау береді. Атап айтсақ, Facebook-тің мамандары да осы функцияның аналогын жасаумен айналысып жатыр.
Financial Times газетінің хабарлауынша Twitter әлеуметтік желілердегі ақша аударымдарымен айналысатын әлемдегі екінші үлкен S-money (Groupe BPCE банк жүйесі) банктік ұйымымен келісімге келген. Бұл жетістік әлеуметтік желі арқылы кез келген төлем қызметтерін орындауға мүмкіндік беретін болады.
«Іске асу алдында тұрған жаңа функция әрбір желі қолданушысының уақытын үнемдейтін болады. Айта кетсек, сіз әлемнің кез келген нүктесінде болғаныңызға қарамай, кез келген уақытта твит арқылы қалаған ақша аударымын жасауға мүмкіндігіңіз болады», - дейді Groupe BPCE ұйымының директоры Жан-Ив Форель.
Француз жеріндегі Твиттердің басшысы Оливье Гонсалес төлемдерді жасауға 140 символды твиттің жеткілікті боларын айтады. Дегенмен, транзакцияның орындалғаны не орындалмағаны туралы ақпараттың қолданушыға қол жетімді болары туралы еш айтылмады.
Дәстүрлі принциппен жұмыс істейтін қаржы компаниялары техноөндірістегі қызмет түрлерінің әсерінен бәсекелестіктен түсіп барады. Сондықтан қаржы айналымын әлеуметтік желі арқылы жүргізу ұтымды бағыттардың бірі болып отыр.
Өткен айда Твиттер өз қолданушыларына желі ішіндегі төлем қызметтеріне арналған «Buy» («сатып алу») виртуалды батырмасын ұсынған болатын. Бірақ сол кезде функция толық қызметке енгізіле қоймады. Твиттердің коммерциялық директоры Натан Хаббард банктік қызмет көрсету компаниясымен келісімнің болғанын және алдағы уақытта аталған функцияның өзге де елдерде қолдануға шығарылатынын айтып өтті. Жаңа төлем қызметі әлеуметтік желідегі жарнама қорының артуына да айтарлықтай көмек беретіні ескеріліп отыр.
Дайындаған: Жолдас Өрісбаев
Сурет: www.ft.com