Sony компаниясының селфи-әтірі

Қазіргі кезде селфи-фотолар әлеуметтік желілердің басым бөлігін қамтып үлгерген. Арнайы селфи-құмарлар үшін Sony компаниясы иіссуға қосылған камерасын ұсынуды жөн көріп отыр.

Жалпы бұл идея смартфондарға Chanel иіссуларының үлгісінде жасалынған тысқаптардың көптің көзайымына айналғандығынан пайда болыпты. Аталған тысқаптар iPhone және Samsung Galaxy Note флагманды смартфондарына арналып жасалып жүр екен.

Сәнқой қыздарға арналған девайс жаңа Cybershot маркасымен шығады. Содан кейін селфи өнім Sony камераларының келесі толқынына айналады деп күтілуде. Бір қызығы, иіссуды сепкеннен кейін, камераны 360 градусқа жылжыта аласыз. Нақтырақ айтсақ, айналдырып түсіруге ыңғайланып жасалған.

Дайындаған: Жолдас Өрісбаев

Сурет: arena.in.ua