Sony ойын консолдарына қызығушылар үшін жағымды жаңалық. Компания алдағы үш жыл көлемінде PlayStation ойынының дамуына барын салатын болады. Айта кетсек, брендті консолдардың қызмет сапасы артып, интерактивті көру межесі де жақсаратын болады.
Расында компанияның дағдарыс алабында жүргені белгілі. Сондықтан өзінің фирмалық мобильді құрылғылары мен теледидарларын құрастыруды уақытша тоқтатып, бар күші мен қаржысын ойын консолдарына бағыттамақ.
Жапондық компания дағдарыс кезінде артық шығын жасамай, табыс алып келе алатын тек бір ғана брендті өнімін дамытуды көздеп отыр. Ресми сараптамалық есепке көз тартар болсақ, Sony гаджетікелесі үшжылдықта компанияға $13,6 миллиард табыс алып келетін болады. Бұл күншығыс еліндегі корпорациясының ең табысты жобасы. Сондықтан негізгі бизнес алымына айналып отыр.
Дегенмен, Sony теледидарды панелдерден бас тартып отырған жоқ. Компанияның мобильді аппараттары да ресми дүкеннің текшелерінен алынбайды. Тек басшылық бизнестің стартегиялық бағытын өзгертіп жатыр. Енді Sony нарықтағы үлес үшін емес, табыс үшін еңбек етеді. Ал компанияның басқа да өнімдерінің шығарылымы тоқталығандықтан, нарықтағы үлесі үш есеге азаяды деп күтілуде.
Қаржы тұрғысынан тұрақты болған Sony-дің тағы бір өнімі әзірге нарықтағы бәсекелестігін тоқтатпайды. Жапондық сенсорлы фотоаппараттардың шығарылымы алдағы уақытта салымшылар жағынан 70%-ға дейін көтерілетін болады.
Сурет: whatsyourtagblog.com