Бұған дейін швейцариялық зерттеушілердің күн энергиясынан қуат алып ұшатын ұшақпен жер шарын айналып өтуді жоспарлағаны туралы жазған болатынбыз. Solar Impulse 2 Абу-Даби қаласынан бастау алған әлемдік саяхатының басталғанына бір апта толмай, жаңа әлемдік рекорд орнатты.
Solar Impulse 2 Оманнан Үндістанға үдемелі ұшып, күн энергиясынан қуат алып ұшатын ұшақтың ең алыс қашықтықты бағындыруымен жаңа рекорд орнатты.
Аталған ұшақ Оманның астанасы Маскат қаласынан Үндістанның батысында орналасқан Ахмадабадқа 13 сағат 20 минут уақытта жеткен. Осы уақыт аралығында Solar Impulse 2 ұшағы 1468 шақырымды басып өтіп, тек Күн қуатымен ұшатын ұшақтардың жаңа рекордына қол жеткізді. Әзірге Күн энергиясымен ұшатын ұшақтың технологиясы қарқын алмағанын ескерсек, әлі алда қанша рекорд орнататынына сеніммен қарауға болады.
Айта кетсек, Solar Impulse 2 ұшағы аталған саяхатқа бес ай уақыт жұмсайтын болады. Белгілі швейцариялық зерттеуші Бертран Пикар мен оның серіктесі Андре Боршберг әуе бағытымен алғаш рет шығып жатқандарын айтып, ішкі толқыларын да жасырмады.
Сурет: www.omegawatches.com
Оқи отырыңыз:
Күн энергиясымен ұшатын ұшақпен жер шарын айналып өтпек
Solar Impulse ұшағы 12 кезеңнен тұратын саяхаттың бірінші кезеңін аяқтады
Алғашқы гибридті ұшақ тәжірибеден өткізілді
Жалғыз жолаушыға бола ұшқан жалғыз ұшақ