Өзге де электронды құрылғылар секілді теледидарлар да «ақылды» бола бастады. Дегенмен, әңгіме теледидардың негізгі тұтыну ақпаратын құпия сақтауына қатысты болғанда, оның пайдалы жағы көрінбейтін сыңайлы. Осылай деп Бреннан орталығынан Майкл Прайс ойлап отыр. Ол жуырда ғана тек телебағдарламаларды көрсететін теледидарын жаңа «ақылды» нұсқасына ауыстырған болатын. Майклдың айтуынша, ағымдық видеолар мен әлеуметтік желілерге қосыла алатын және өзінің веб-браузері бар Smart TV-ді қолданудың өзі тұтынушы туралы жеке ақпаратты жинақтайтын болады.
«Мен оны қолдануды қаламаймын. Егер сіз заманауи аппаратты сатып алу кезінде берілетін 46-беттік таратуға болмайтын ақпараттар туралы келісім шартты оқыған болсаңыз, менің нені меңзеп отырғанымды түсінесіз. Smart TV мүмкіндіктерінің ауқымы өте кең. Ол өз бетінше сіздің қашан тіркелгеніңізден бастап, күнделікті қолдану барысыңызды бақылап және барлық көрілген контенттерді жазып отырады. Сонымен қатар, веб-сайттар көрілімі мен оқылған хабарламаларыңыз жазылып отырады», - дейді Прайс.
Жарнамалық мақсатта «ақылды» теледидарлардың қолданылу мүмкіндігі пайдаланып жатқандығы туралы бірінші рет айтылып отырған жоқ. Сондықтан әрбір тұтынушының келісімге қол қоюынан бұрын, шартты мұқият оқи отыра, бақылау мүмкіндіктерін азайтуға тырысулары керек.
Одан бөлек, теледидардың алдыңғы камерасы адамның бетін тани алу мен оның дауысын анықтай алу функцияларымен қамтылған екен. Бұл туралы тұтынушылар біле қоймаса да, хакерлер немесе құпия жұмыстармен айналысатын мамандар өзіне қажет ақпараттың барлығын ала алатын болады.
Әйткенмен де, сіз туралы ақпарат сіздің заманауи теледидарыңыздың тек ғаламторға қосулы тұрған кезінде ғана таралып кету ықтималы бар. Ал сіз оны ғаламтордан алып тастайтын болсаңыз ақпараттың таралу қауіпі жоғалады. Бірақ сіз оның «ақылды» функцияларынан да айырылатын боласыз.
Сурет: www.techvibes.com