- Негізгі бет
- Білесіз бе?
- «Sarahah» деген не?...
«Sarahah» деген не?
Әлеуметтік желілердің ішінде тағыда бір «вирус» пайда болды. Бұлай деп атауымызға себеп, жастар жаппай осы бір бағдарлама арқылы бір-біріне жақсы және жаман сөздер жазып, пікір қалдыруда. Сонымен аяқ асты «шу» ете түскен «Sarahah» деген қандай бағдарлама?
«Sarahah» - араб тілінен аударған кезде «шынайылық» деген мағынаны білдіреді. Бұл бағдарламаны құрастырушы Сауд Арабия елінің азаматы Зейн аль-Абидин Тофиктің айтуынша, аталған бағдарлама арқылы қызметкерлер өздеріне ұнамай жүрген немесе жалақыларының аз екенін айтып шағымдана алады-мыс.
Бағдарлама адамның жеке өмірі жайына ешқандай ақпарат бермейді. Яғни сіз тіркелген соң біреуге сұрақ не пікір қалдырасыз. Ал сіздің жазғаныңызды ешкім білмейді. Бір сөзбен айтқан кезде «жұмбақ күйіндегі адамсыз». Ең қызығы келген сұраққа тікелей жауап бере де алмайсыз. Месенджер үлгісінде шыққан бұл бағдарламаның қазіргі уақытта кең таралып кеткені сонша, инстаграм әлеуметтік желісінде қызу жүріп жатыр.
«Sarahah» бағдарламасының көшіріп алған соң, инстаграм әлеуметтік желісіндегі аккаунт арқылы тіркеліп, дәл сол тіркелген аккаунты көшіріп алып, инстаграм парақшасындағы «веб-сайт» жолағына қоясыз. Осы арқылы сізге сұрақ не пікір қалдырғысы келетін адамдар тікелей кіріп, сізге ойына келгенін жазуға мүмкіндік алады. Ал сіз оған жауап беру үшін дәл сол келген сұрақ бетін скриншоттап, қайтып инстаграм парақшасындағы «история»-ға жүктеп, сол жерде жауап бересіз.
«Sarahah» бағдарламасы негізінде 2016 жылы құрастырылған. Араб тілінде шыққан бұл бағдарлама адамдар қолын тиген бетте үлкен сұранысқа ие болған. Бір жылға жетер-жетпес уақыт ішінде 20 миллионға жуық адам жинап үлгерген. Тек 2017 жылы ғана бағдарламаның ағылшын тіліндегі нұсқасы жарық көрген.
М. Ақан