Roborace – "ақылды" спорт көлігі

Roborace – "ақылды" спорт көлігі
Фото: vilingstore.net

Roborace – Дэнил Саймонның эскиздері негізінде құрастрылыған көлік. Британиялық Kinetik қорының ұйымдастыруымен жарыққа шыққан бұл көлік мотоспорттың ең керемет үлгісі болмақ. Себебі оның иесі болмайды. Бір сөзбен айтқан кезде рөлді адам емес компьютер басқарады. Бұл болашақта Формула Е жарыс көліктерінің майданында сыналатын болады. 
Құрастырушы Дэниел Саймон өзінің футуристік, ғылыми-фантастикалық дизайндегі қиялдарымен көліктерді құрастырады. Ол дәл осындай бағыттағы Audi, Bugatti, Bently маркалы көліктердің дизайн түрлерін ұсынушы ретінде танымал. Оның ойынша құрастырылып жатқан көліктер адам ақылы жетпейтін, адам рөлде басқаруға қауқарсыз қалған жағдайда көліктің өз миын іске қосуына септігін тигізеді. Ал аталған Roborace жарыс көлігі осының дәлелі бола алды. 

М. Ақан