PlayStation 4 дербес компьютер болып шығарылуда

Онлайн ойындарға құмар адамдардың негізгі ойын үстелі PS4 болғанымен, оның портативі консолында белгілі бір проблемалар туындайтын. Сол себепті, оның барынша ықшамдалған мобильді нұсқасын жасатуға тырысқан тұтынушылар саны көп болды.

Ендеше осы секілді мәселелердің шешімін америкалық Эд Зарик есімді жігіт тауыпты. Өте дарынды инженер сіздің ойын консолыңызды ноутбуктің корпусына қондырып бере алады.

Оның алдыңғы еңбегі Microsoft компаниясының Xbox One құрылымы негізінде қайта құрастырылған Xbook девайсы болған болатын. Ал енді ол жапондық Sony компаниясының PlayStation 4 ойынына назар аударыпты. Оның жаңадан құрастырылған туындылары PlayBook 4 деп аталады екен. Эд әрбір қалаушыға жеке тапсырыстармен құрастырып береді.

Жалпы жаңа идеяны жүзеге асыру үшін Эдке 3D-принтер қажет болыпты. Ойын консолына сәйкес келетін құрылғылардың көмегімен түп негізді корпус басылып шығарылады екен. Құрастырушы корпустың ішіне PS-тің техникалық құрамы мен 1080р көрсеткішіне қол жеткізе алатын 22-дюймді Vizio экранын қондырады.

Дайын болған жүйелі жұмыс кәсіби көрініске ие. Дегенмен, кемшіліктерге де жол берілетіні анық. Ғаламтордағы деректерге орай, Зарик дербес құрылғыға қуат жинақтаушыны орнатудан бас тартқан. Демек, ойын барысы кезінде ноутбук үнемі қуат көзіне қосулы тұруы тиіс.

Жас инженер өз еңбегін 1395 АҚШ долларына бағалап отыр. Егер сіз өз ойын консолыңызды алып келсеңіз, онда еңбек құны 300 АҚШ долларына арзандайтын болады.

writeFlash({"src":"https://www.youtube.com/v/f20p5BOm4P0","width":"450","height":"350"});

Әзірге түрлендірілген құрылғы АҚШ аймағында ғана тапсырыстар бойынша жеткізілу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Дегенмен, идея авторы алдағы уақытта экспортқа да шығаруға талпынып көретіндерін айтады.

Дайындаған: Жолдас Өрісбаев

Сурет: www.edsjunk.net