Осыдан он жыл бұрын, әрбір іскер адамның қолында финдік Nokia компаниясының байланыс құралдары ғана қолданыста болған еді. Жаңа технологияның инновациялық тұрғыдан жандануы Nokia өнімдерін нарықтан ысырып тастағанын да сіз бен білеміз. Ал сол кезде, TECHlabs сараптама агенттігінің берген ақпаратына орай, аталған компания Хельсинки Биржа қорының жарты активін иемденіп отырған екен. Ендеше бәрімізге таныс болған өнімді құрастырушы компания туралы біз білмейтін қандай деректер бар екен? Төменнен оқып білейік.
Nokia қалашығының атауы сол мекенді кесіп өтетін өзенге қатысты қойылған. Расында, өзен Nokianvirta деп аталады. Ал атаудың өзі көне фин тілінен аударғанда «қалың ағашты мекен» дегенді білдіреді екен. Кейде компания құрамы және мобильді құрылғыларды қолданушылар Nokia сөзінің орнына «aikon» (Nokia сөзін теріс оқығанда) сөзін көбірек қолданады екен. Себебі «aikon» атауы компанияның әр түрлі SDK секілді бағдарламалық жинақтарында көп қолданылған. Nokia телефондарында қоңыраудың жалғасу уақытын бақылайтын таймер екі адамның диалогы басталған кезде емес, қоңырау бара бергеннен бастап жаза береді.
Nokia Fortune тізімінің нұсқасы бойынша әлемдегі дербес жиырма компанияның құрамына енген. Сондай-ақ, коммуникациямен айналысатын компаниялар ішінде біріншілікті иемденеді. Азияда Nokia-ның түрлі модельдерінде 4 саны еш байланыс нөмірінде кездеспейді. Себебі аталған сан сәтсіздіктің белгісі болып есептелінген екен. Nokia өнімдерінің негізгі «жеке» шрифті болған AgfaMonotype Nokia Sans нұсқасын Эрик Спикерман есімді бағдарламашы жасаған екен. Ал оған дейін Nokia тек Agfa Rotis шрифтін ұсынатын болған. Nokia телефондарына хабарлама келгенде шығатын әуенді дыбыс СМС деген сөзді білдіретін Морзе коды болған. Nokia смартфондар өніміне ауысқан кезде, олардың бір артықшылығы смартфонның жоғары сапалы камераларында болды. Дегенмен, ол да бәсекелестер тарапынан жаңартылып, Nokia компаниясының дағдарысқа ұшырауына алып келді.
Алғашқы коммерциялық GSM байланыс 1991 жылы Хельсинки қаласында Финляндия премьер-министрі Гарри Холкер тарапынан жасалынды. Оның негізгі қолдаушысы Nokia компаниясы болды. «Nokia tune» рингтоны испан музыканты Франциско Таррераның ХІХ ғасырда жазылған «Gran Vals» туындысының гитарадағы нұсқасы болып табылады. Басында рингтон туындының атымен аталған болатын. Сосын 1998 жылға келіп Nokia компаниясының беделін арттыру мақсатында «Nokia tune» деген атауға ие болды.
Дайындаған: Жолдас Өрісбаев
Сурет: relax.ru