Nixie – сельфиге арналған кішкене квадрокоптер

Nixie – сельфиге арналған кішкене квадрокоптер

Соңғы кездері сельфи суреттер көптің қызығушылығын танытып келеді. Тіпті көптеген смартфон өндіруші компаниялар да өз өнімдерін сельфиге бейімдеп жасай бастады. Дегенмен әдемі суретке алу үшін фотографтың қолы қысқа болып қалатын кездер де кездеседі. Ендеше осы мәселеге Nixie квадрокоптері шешім бола алды.

Жаңа құрылғы өте ыңғайлы болып, тұтынушының қолына сыйып кетеді. Дронды іске қосудан бұрын, оның камерасын өзіңізге қаратып алуыңыз керек. Ал сосын ол өзі сізді кадрда ұстайтын болады. Gizmodo интернет порталының хабарлауынша,компания аталған дронның прототипін жасап үлгерген. Дегенмен, әзірге толық дайындықтан өтпепті.

Айта кетерлік жағдай, Nixie жобасы Intel ұйымдастырған Make It Wearable байқауының жүлдегері болған. Аталған байқауда Nixie 50 мың АҚШ доллары көлемінде сыйақы да алған болатын. Ендеше Intel жаңа жобаның соңына дейін жасалуына толық қолдау білдіру үстінде.

Дайындаған: Жолдас Өрісбаев

Сурет: gizmodo.com

Ж. Өрісбай