Жерді төртбұрышты немесе дөңгелек пішінді деп түрлі болжамдар жасап келген адамзат тарихын өзгерткен жаңалық NASA халықаралық ғарыш агенттігінің тартылыс күшін бұзып, кеңістікке сапар шеккен күнімен байланысты. Себебі олардың түсірген үш суреті әлемді өзгертті деуге болады. Ол қандай суреттер?
Осыдан жиырма жыл бұрын ең алғаш Hubble Deep Filed суреті түсірілді.
Ғалымдар телескопты аспанға қаратып, бос жатқан кеңістікке бірнеше күн бойына бағыттап қояды. Ал олар не тапты деп ойлайсыздар: миллиардтаған-миллиардтаған ғарыш нысандарын көрді.
Extreme Deep Filed – бұл жер бетінің ең әдемі көрінісі. Себебі 23 күн ішінде 1/32 000 000 аумақты алып жатқан аспан кеңістігін бақылау, әрине, керемет сәт. Осы сәттер адамзат баласының, әлемнің түсінігін өзгертті деуге болады. Ғалымдардың көзі ашылып, түрлі құбылыстар, аспан әлеміндегі тылсым мен алуан түрлі ғаламшарларға саналы түрде сапар шекті. Ал ең үлкен жаңалық кеңістіктегі өмір сүріп жатқан ірілі-ұсақ, адамның көзі көруге жететін нысандардың саны екі триллионға жетті.
Тұңғыш рет адамзат баласының өзі өмір сүріп жатқан Жер шарын көру сәті түсірілген сурет.
«Жердің шығуы» деп аталатын сурет NASA агенттігінің ең үлкен жемісті суреттерінің бірі. Суретті ғарышкер Билл Андрес түсірген. Бұл сәт «Аполлон-8» ғарыш кемесінің Айға сапар жасаған кезінде орын алды. Билл Андрес адамзат баласына Жердің қандай болатынын және оның қандай қымбат екенін сездіретін суретті осылайша алғаш болып көрсетті.
Суретті түсірген кезде Б. Андресстің айтқан сөзі бар: «Біз бұл сапарды сәтті аяқтадық. Ай туралы мәлімет алу үшін бәрін жасадық, бірақ ең бастысы біз Жер деген планетаны аштық».
Осы суретке байланысты үлкен бір дау болғанын білесіз бе? NASA-ға белгісіз бір хат келіп түскен, хатта ақшаның бәріне болмашы суреттер мен адамға пайдасы жоқ зерттеулерді жасауды қойыңдар, ақша жердегі адамдар үшін, аш-жалаңаш қалғандар үшін керек делінген.
Хатты алған NASA агенттігінің директор орынбасары Эрнст Штулингер хат иесіне былай деп жауап берген:
«Менің сізге салып жіберген суретім «Аполлон-8» ғарыш кемесі түсірген, аспандағы Жаңа жыл яғни 1968 жыл еді. Ғарышты зерттеуге байланысты мәселедегі ең керемет суреттің бірі осы да шығар. Бұл суретке қарап отырып, біздің жерден басқа ештеңеміз жоқ екенін түсіну керек. Осы уақытқа дейін адам баласы жердің осындай шектеулі екенін сезінген жоқ. Біз өте үлкен алып әлемді өмір сүріп жатырмыз деп ойладық.
Қуанышқа орай, ғарышты зерттеу ғасыры бізге тек айна арқылы жердің ар жағындағы тіршілікті көрсетпейді, бізге жаңа технологияларды ашуға үлкен жігер мен күш береді. Осы жерде сізге Альберт Швейцардың қанатты бір сөзін айтқым келіп отыр: «Мен болашаққа алаңдаймын, бірақ үмітпен қараймын» деген.
«Ақшыл көк нүкте» деп аталатын бұл адамзат тарихындағы күн жүйесін түсірген ең бірінші сурет.
Суретті «Вояджер-1» ғарыш аппараты түсірген. 60 түрлі Күн жүйесіндегі сәттерді түсіріп үлгерген кадрлар ішінде осы бір «Ақшыл көк нүтке» суретінің мәні бөлек. Себебі бұл – Жер шары.
1990 жылы 14 ақпан күні ғарышқа сапар шеккен «Вояджер-1» ғарыш кемесі үйге қайтар жолда осы суретті түсіру бақытына ие болған. Сурет жердің ең алыстан түсірілген бір-ақ данасы.
«Вояджер-1» ғарыш кемесі өзіне жүктелген қызметін атқару жолында жүрген нысан. Ол бізден 20 миллиард километр қашықтықта жатыр. Бұл – жерден ең алыс орналасқан технологиялық аппарат.