Қазіргі қоғамда орын алуы мүмкін апаттарды ойыңызға алып көріңізші. Бірінші болып астероидтың құлауы мен үшінші дүниежүзілік соғыс ойыңызға келді ме? Дегенмен NASA зерттеуіне сүйенсек, адамзатты астероидтан бірнеше есе қауіпті апат күтіп тұр: олар – жер асты жанартаулары.
Әлем бойынша, жер қойнауында 20-ға жуық жанартау жасырын тұр. Олардың барлығы баяу жарылыс құрылғысы секілді. Қай уақытта, қай жерде іске қосылатыны белгісіз.
АҚШ-та Йеллоустоун ұлттық саябағының астында дәл осындай жанартаудың негізі бар. Ол жерден 50-75 километр төменде орналасқан. Бірақ оның сыртқа шығуы үлкен мәселелердің бастамасы болмақ. Атылған жанартау тек айналасын отқа орап қана қоймай, одан бөлінген мен түтін күн сәулесін жерге өткізбеуі мүмкін.
«Қазіргі мақсатымыз – Йеллоустоун қойнауын залалсыздандыру. Осылайша, адамзатты қауіптен аман алып қалу», – дейді Калифорния штаты, Пасаден қаласы, NASA реактивті қозғалыс лабораториясының инженері Брайан Уилкокс.
Адамзатқа төніп тұрған қауіп көп. Олардың алдын алып үлгереміз бе?