- Негізгі бет
- Білесіз бе?
- Microsoft-тың қателігін IBM...
Microsoft-тың қателігін IBM жөндеді
Ағымдағы жылдың басында IBM Windows оперативті жүйесінде көп жылдар бойы жөнделмей келген ақауды анықтаған еді. Соңыра Microsoft компаниясы бұл қателіктерді дереу жөндеп үлгерді.
Аталған бағдарламалық ақау Windows 95 оперативті жүйесінен бастап 19 жыл бойы жөнделмей келген. Софт қауіпсіздігімен айналысатын мамандар бұл ақауды Common Vulnerability Scoring System (CVSS) жүйесінің 10 балдық шкаласы бойынша 9,3 балға теңеп отыр.
Ешкімге белгілі бола қоймаған қателікті кезінде қара ниетті бағдарламашылар да пайдаланып үлгерген екен. Олар вирусты ақауға тіркеп, сілтемені Internet Explorer браузері арқылы ғаламторға таратып жіберген. Нәтижесінде оперативті жүйенің сақтау мәзірлері істемей қалып жатты.
«Бұл ақау бірнеше жылдар бойы бағдарламашы тани алатын жерде болған. Платформаны құрастырушылар оған уақтылы өзгертулер енгізіп жүргендерімен, еш байқамаған», – дейді IBM зерттеушісі Роберт Фриман.
Қазір Microsoft платформаның Windows Vista, Windows 7 және Windows 8.1 нұсқаларына жаңартулар енгізіп үлгерді.
Сурет: www.wired.co.uk
Ж. Өрісбай