- Негізгі бет
- Білесіз бе?
- Microsoft жарнамасы Apple...
Microsoft жарнамасы Apple өнімін күлкі етті
IT-жарнама әлемінде атаулы брендтердің өз бәсекелестерімен сатиралық салыстырма жасауы дәстүрге айналды. Apple компаниясы мынадай әрекеттен аулақ болғанымен, оның өнімдері әрқашан осындай күлкінің арасында қалып қояды. Әсіресе бұл салада Samsung маркетологтары көп еңбектенген. Енді Microsoft компаниясы да сарказммен жарнамалық роликтер жасауды бастап кетті.
Соңғы жарияланған видеороликте Windows Phone операциялық жүйесімен жабдықталған HTC One M8 смартфоны iPhone 5s флагманымен салыстырылады. Нақтылап өтсек, екі смартфонның дыбыс ассистенттері Cortana (HTC One M8) мен Siri (iPhone 5s) салыстыру бөлшегіне айналған.
Роликтің басынан байқайтынымыз, Siri айнаға қарап, «Вестсай тарихы» мюзиклінен «I Feel Pretty» ("Мен өзімді көрікті сезінемін") әнін айтып жатады. Сосын Cortana-мен сәлемдесіп: "Мен жәй ғана сұлу көріктен де ерекшемін" ("I’m more than just a pretty face"), - деп тіл қатады. Дегенмен, Cortana өзіндік күнтізбесімен мақтанып, корпусындағы екі динамикасының бар екенін айтады. Ал Siri өзінде бір ғана динамикасы бар екенін және ол оның үстінде отырғанын айтып қысылып қалады.
Ескере кеткен жөн, Apple өнімінің дыбыс ассистенті арнайы кибернетикалық интонациямен сөйлейді. Бұл әдеткі жағдай. Ал Cortana болса табиғи тың дыбыспен тіл қатып тұр. Расында, мына жағдайда Microsoft компаниясының маркетологтары белгілі бір адамның дауысын дубляждағанын көрсетіп тұр.
Дайындаған: Жолдас Өрісбаев
Сурет: winphone.ir
Ж. Өрісбай