- Негізгі бет
- Білесіз бе?
- Luna темір роботы...
Luna темір роботы - үй қызметшісі
RoboDynamics компаниясының инженерлері бірнеше жылдан бері бір жоба аясында тер төгіп келеді. Америкалық инженерлер Luna атауына ие электромеханикалық дербес роботтың құрылымын дамытуда. Аталған робот үй қызметімен айналысатын көмекшіңіз болмақ.
Ақпараттарын тарататын ресурстар бұл туралы алғаш рет 2011 жылы жазған еді. Дегенмен шығу уақыты анықталмаған болатын. Енді осы жылдың басында компания жеткілікті инвесторларды жобаға тартып, қараша айында алғашқы роботтар легін сатуға қоятын болды. Әрбір үй көмекшісінің құны 1500 АҚШ долларына бағаланып отыр.
Расында, роботқа үй жұмыстарымен бірге, жауапты тапсырмаларды да жүктей аласыз. Айта кетсек, мүмкіндігі шектеулі адамдардың уақытында дәрі ішуін немесе денсаулығының мониторингін дұрыс бақылауын сеніп тапсыруға әбден болады. Сонымен қатар, қоғамдық жұмыстарға да ат салыса алады. Тіпті, оның жүйелік міндетіне итіңізді серуенге алып қайтатын бағдарламалар да қамтылған.
RoboDynamics өнімінің салмағы 27,2 келіні құрайды. Ал бойы 152 см. Әмбебап іскерлікпен қамтамасыз ететін платформа 8-дюймді сенсорлы экран, динамика, микрофон және камерадан тұрады. Ал толық қуаты 8 сағаттық белсенді қимылға жетеді екен.
Ал техникалық негізіне келер болсақ, үй роботының жедел жүйесі Linux платформасымен жабдықталған. Linux құрылымындағы ROS (Robot Operating System) бағдарламалық жүйесі роботтың міндеттерін бақылауда ұстайтын негізгі құрал болады.
Сурет: techzulu.com
Ж. Өрісбай