Қытайдың Lenovo компаниясы мобильді нарықта да белсенділік танытуға тырысып жатыр. Сондықтан компьютер құрастырумен айналысып жүрген компания енді смартфондарды да көптеп шығара бастады. Оған жуырда ғана Google-дан сатып алынған Motorola брендін айтуға болады.
Ендігі жолы Lenovo қымбат ұялы телефондар бренді болып табылатын BlackBerry компаниясын еншілеу үстінде. Қазіргі уақытта екі компания арасында келіссөздер жүріп жатыр екен.
Бұл Lenovo компаниясының бірінші әрекеті емес. Аспан асты елінің бренді аталған электроника өндірушісін өткен жылы қазан айында сатып алуға талаптанған болатын. Бірақ екі жақ ортақ келісімге келе алмаған.
Ағымдағы жыл BlackBerry үшін өте сәтсіз болды. Олардың табысы төмендеп, қаржы қиындықтарына тап болған кезде Lenovo өз мүмкіндігін тағы да жіберіп алғысы келмей, ұсыныстарын тастап үлгерген.
Айта кетсек, канадалық BlackBerry компаниясы жуырда Passport атауына ие жаңа смартфондарды сатылымға шығарған болатын. Әзірге аталған өнім ғана ауқымды табысты келтіріп отыр.
Нью-Йорктегі Уолл Стрит инсайделерінің мәлімдемесіне сүйенер болсақ, Lenovo канадалық компанияның әрбір акциясына 15 АҚШ долларынан төлеуге дайын тұр (сұраныс көбейген жағдайда – $18). Дегенмен, дәл қазір BlackBerry компаниясының акциялары стандартты түрде 9,50 АҚШ долларына бағаланып тұр.
Алқымы кеткен компанияларды сатып алып қытайлық корпорацияның не істемек ойы бар? Lenovo-ның қазіргі басшылары силикондық IBM екенін ескерсек, ол өткен ғасырдағы жаулап алу үдерісін қайта бастағанын білеміз. Әрине ол нарықтағы барлық бәсекелеске қабілетті өндірушілерді тартып алып, жеке-дара өндіріспен айналысуды мақсат еткен секілді. Әзірге келісімнің соңғы шешімі туралы ақпарат берілген жоқ.
Сурет: todayonline.com